
Михаил Ходорковский
Дереккөз: Wikimedia Commons
Михаил Борисович Ходорковский 1963 жылы Мәскеуде (Ресей) дүниеге келген.
1986 жылы Дмитрий Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтын бітірді. Георгий Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында оқуын жалғастырды. 1988 жылы бітірді.
1986 жылы Мәскеу комсомолы Фрунзе аудандық комитеті хатшысының орынбасары болды. 1987 жылы жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық орталығын (НТТМ) ашты. 1989 жылы ғылыми-техникалық прогрестің кооперативтік коммерциялық инновациялық банкін құрды. Онда 1990 жылға дейін Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
1990-1991 жылдары НТТМ және ғылыми-техникалық прогрестің коммерциялық инновациялық банкі негізінде құрылған «Менатеп» Банкаралық бірлестігінің бас директоры болды. 1993 жылдан бастап «Менатеп» банкінің басқарма кеңесінің төрағасы және директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1995-1996 жылдары Банктің өнеркәсіптік кәсіпорындарын басқаратын «Менатеп» холдингтік компаниясы — «Роспром» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен бірге ол сол кездегі Ресейдегі екінші ірі «ЮКОС» мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясын жекешелендіруге қатысты. Компания аукционда 160 миллион рубльге сатып алынды, бұл оның нақты құнынан едәуір төмен болды.
1996 жылдың маусым айынан бастап «ЮКОС» Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2003 жылы ол Ресей Бас прокуратурасының өтініші бойынша қамауға алынды. Оған алаяқтық және салық төлемегені үшін айып тағылды. Сол жылдың қараша айында ЮКОС-қа басшылық қызметтен кететінін жариялады. 2005 жылы сот кәсіпкерді алаяқтық, басқа біреудің мүлкін иемдену, салық төлемеу және басқа да қылмыстар үшін кінәлі деп тапты. 2006 жылы мұнай ұрлау туралы тағы бір қылмыстық іс ашылды. 2010 жылы ол 14 жылға колонияға сотталды.
2013 жылы Ресей президенті Владимир Путиннен кешірім сұрап, мерзімінен бұрын босатылды. Сол күні Германияға кетті. 2015 жылы 1998 жылы өлтірілген Нефтейюгансктің мэрі Владимир Петуховтің ісіне байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. 2022 жылы Ресейде иноагент ретінде танылды.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу