Басты бетке қайту

Георгий Шахназаров (1924–2001)

Георгий Шахназаров
Дереккөз: Әмбебап кітапханасы

Георгий Хосроевич Шахназаров 1924 жылы Бакуде дүниеге келген. Оның әкесі, Қарабах армян, Мелик-Шахназарянның ежелгі князьдік отбасына жататын.

Мектептен шыққаннан кейін әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде Перекопский қылтасын (Қырым түбегінің материкпен түйісетін жері) атыс взводының командирі ретінде жаулап алып, Минск (Беларусь КСР, қазіргі - Беларусь) Литва КСР (қазіргі- Литва), Кенигсбергті басып алуға (қазіргі - Калининград, Ресей),  Севастопольді азат етуге қатысты (қазіргі - Ресей аумағы).

1949 жылы Әзербайжан мемлекеттік университетінің заң факультетін, ал 1952 жылы КСРО Ғылым академиясының құқық Институтының аспирантурасын бітірді.

1952-1964 жылдары «Политиздат» бас кеңестік баспасында жұмыс істеді, редакция меңгерушісі болды. 1960-1964 жылдары Прагадағы «Политическое самообразование» және «Проблемы мира и социализма» журналдарымен ынтымақтастықта болды.

1964 жылдан 1988 жылға дейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің (КОКП ОК) консультанты, кейін халықаралық бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 1973-1991 жылдары кеңестік саяси ғылымдар қауымдастығының президенті қызметін атқарды. 1987 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 

1988 жылы КОКП ОК Бас хатшысының көмекшісі болды. Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл және саяси жүйені реформалау мәселелерімен айналысты. 1991 жылы КСРО президенті Михаил Горбачевтің кеңесшісі болып тағайындалды.

1991 жылдың сәуір–тамыз айларында КСРО — ны құру туралы 1922 жылғы Шартты алмастыратын жаңа Одақтық шартты дайындау жөніндегі ол жаңа Огарев процесіне қатысты. «С вождями и без них» (2001) атты өмірбаяндық кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы құжатты дайындаудағы рөлін жоғары бағалап, оның қарсыластарын сендіру қабілетін ерекше атап өтті.

Георгий Шахназаров  - көптеген ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалардың авторы. Оның негізгі еңбектерінің қатарына «Социалистік демократия» (1972), «Футурологияның Фиаскосы» (1979), «Грядущий миропорядок» (1981), «Бостандық бағасы» (1998), «Постшок или роковое расставание с прошлым» (2000) және басқалары жатады.

2001 жылы Туладағы ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінен кейін Ясная Полянаға бара жатқан жерінде қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Биография.ру

Михаил Горбачев атындағы Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттану зерттеулер қоры  

РҒА федералды ғылыми-зерттеу әлеуметтану орталығы

Sputnik Беларусь

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу