Басты бетке қайту

Императивтік мандат

Императивтік мандат – депутаттың өз сайлаушыларымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайтын ереже, оған сәйкес депутат сайлаушылар алдында заң жүзінде жауапты деп есептеледі. Басқаша айтқанда, бұл сайлаушылардың сайлауда кандидатты таңдап, оған өз мүдделерін парламентте немесе басқа да заң шығарушы органда білдіруі үшін өз дауыстарын сеніп тапсыруын білдіреді. Бұл ретте, егер депутат өз міндеттерін орындамаса, оны мерзімінен бұрын кері шақыртып алу мүмкіндігі заңдық тұрғыда бекітілген.

Кері шақырту туралы ереже, әдетте, мемлекеттің Конституциясында бекітіледі. Кері шақырту институты барлық деңгейдегі депутаттарға, жергілікті өкілді органдардан бастап мемлекеттің жоғары өкілді органына дейін қолданылады.

Шет елдердің басым көпшілігінің конституциялары мен заңнамаларында императивтік мандат және парламентарийлерді кері шақырту институты қарастырылмаған. Кейбір мемлекеттерде, керісінше, парламентарий мандатының тап императивтік емес (еркін) сипаты арнайы бекітіледі (мысалы, Андорра, Болгария, Гвинея, Қырғызстан, Ливан, Сальвадор).

 

Дереккөздер:

Ресейлік үлкен энциклопедия

Википедия 

Коновалова Л.Г. Депутаттың императивтік мандаты: ұғым, элементтер, проблемалар, қолданысы

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу