Басты бетке қайту

Ахметжан Есімов

Ахметжан Есімов
Дереккөз: Vecher.kz

Ахметжан Смағұлұлы Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда ҚазКСР Алматы облысы Қаскелең ауданы Комсомол ауылында (қазіргі - Қазақстан облысы Іле ауданы Жайнақ ауылы) дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтының Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

70-жылдардың соңында – Қаскелең ауданындағы содан кейін - Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық комитетінде - партиялық жұмыста болды. 1988 жылдан бастап Алматы облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарады.

1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, ал 1991 жылдан бастап Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы және азық — түлік министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1991 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы ақпанға дейін - Алматы облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы, содан соң - 1994 жылғы желтоқсанға дейін — Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.

1996 жылы Мемлекеттік хатшы, 1996 жылдан 1998 жылға дейін премьер – Министрдің бірінші орынбасары болды.

Қазақстанның Бельгиядағы, Нидерландыдағы, Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның НАТО-дағы және Еуропалық Одақ жанындағы қоса атқарушы өкілдігінің басшысы (1998-2001 жылдар) болып жұмыс істеді.

2001 – 2008 жылдары - ауыл шаруашылығы министрі, премьер-Министрдің орынбасары. Ахметжан Есімовтің ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеген кезінде Қазақстан ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

2008 жылдың сәуірінен 2015 жылдың тамызына дейін Алматы әкімі қызметін атқарды. Осы лауазымдағы өз қызметін үлестік құрылысқа алданған қатысушылардың проблемаларын шешуден бастады - сол кезде қалада жұмыс істемей құрылысы қатып қалған 125 тұрғын үй кешені болды. 2011 жылы Алматыда 7 Қысқы Азия ойындары сәтті өтті, оларды өткізу үшін қалада спорттық инфрақұрылым құрылды, Алматы метрополитені ашылды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қалада 20 жаңа қосалқы станция салынды. Муниципалды қоғамдық көлікті құруға және жеке тасымалдаушыларды осы нарықтан біртіндеп ығыстыруға бастамашы болды. 2014 жылы тарихта алғаш рет Алматының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 8 трлн теңгеден асты.

2015 жылдың 9 тамыздында «Астана ЭКСПО-2017 «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды».

2017 жылғы желтоқсанда Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» қорын басқарды, ал 2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып белгіленді.

«Қазақстанның жаңа жағдайдағы Агроөнеркәсіптік кешені» (1991), «Республикалық АӨК даму перспективалары және оны болжау" (1991) кітаптарының авторы.

 

Дереккөздер: 

Vecher.kz

Tengrinews.kz

Online.zakon.kz

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу