Басты бетке қайту

Абу-Даби даму қоры

Қордың эмблемасы
Дереккөз: Wikipedia

Абу-Даби даму қоры – БАӘ шетелдік көмек бағдарламаларын басқару үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) үкіметі 1971 жылы құрған шет мемлекеттерге көмек көрсету жөніндегі агенттігі (ADFD). Қор елдің астанасы – Абу-Даби қаласының атымен аталады, ол экономикалық және әлеуметтік даму жобаларын қаржыландыру үшін жеңілдетілген несиелер береді. 

Қордың миссиясы – дамушы елдерге тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге және кедейлікті азайтуға көмектесу. Несиелер мемлекеттің үлесі кемінде 51% құрайтын мемлекеттік компанияларға 2-5% пайыздық мөлшерлемемен 15-20 жыл мерзімге беріледі.

Көмектің едәуір бөлігі инфрақұрылымды (жолдар, әуе және теңіз порттары, электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, байланыс, тұрғын үй құрылысы, жұмыс орындарын құру, денсаулық сақтау, білім беру салаларын жақсарту және т.б.) қолдау мен дамытуға бағытталады. Қордың тікелей инвестицияларының ең көп үлесі туризм мен қонақ үй секторына тартылады. Қор қаражат бөлуді мақұлдаған жобалар бүкіл әлем бойынша орналасқан – Қор құрылған сәтінен бастап 100-ге жуық мемлекетке көмек көрсетті.

90-шы жылдардың ортасында Қазақстанның жаңа елордасы - Астананы салу кезінде 22 млн. АҚШ долларын құрайтын Абу-Даби қорының грантына Қазақстан Президенті резиденциясының ғимараты – Ақорда салынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы – Ақорда

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

2001 жылы Қор Қазақстан үкіметіне Қарағанды-Астана автожолының бір бөлігін қайта қалпына келтіруге 80,8 млн. теңге БАӘ дирхемі (22 млн. АҚШ доллары) сомасына жеңілдетілген несие берді.

Қор мен Қазақстанның өзара әрекеттесуі қазіргі таңда да жалғасуда. 2024 жылғы 4 қыркүйекте Астанада Қазақстан үкіметі мүшелерінің қатысуымен, құрамына Абу-Даби даму қоры кіретін Араб үйлестіру тобының (АТТ) дөңгелек үстелінің отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды Араб үйлестіру тобының қаржыландыруы болды.

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі мен Абу-Даби даму қорының Бас директоры Мұхаммед Сайф әл-Сувейдидің кездесуі. 2024 жылғы 27 тамыз

Дереккөз: Қазақстан Республикасы ІІМ

Араб үйлестіру тобының (АҮТ) дөңгелек үстелінің отырысы. 2024 жылғы 4 қыркүйек

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты

 

Дереккөздер:

ADFD 

Wikipedia

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу