Басты бетке қайту

Тоқырау кезеңі немесе тоқырау дәуірі

Кең мағынада тоқырау – бұл қандай да бір нәрсенің тоқтап қалуы, тұрып қалуы, қозғалыстың болмауы, дамуға кедергі келтіретін іркіліс.

Тоқырау кезеңі немесе тоқырау дәуірі деп көбінесе Леонид Брежневтің билікке келуінен (1960 жылдардың ортасы) «қайта құрудың» басталуына дейінгі (1980 жылдардың екінші жартысы) уақыт аралығы аталады.

Бұл ұғымның сыртқы жағымсыз реңкіне қарамастан, «тоқырау» термині екі жақты мағынаға ие. Бір жағынан, бұл КСРО дамуындағы ең жарқын кезеңдердің бірі ретінде белгіленеді. Тарихшылардың пікірінше, осы 20 жыл ішінде Кеңес Одағы ең жоғары гүлдену деңгейіне жетті: қалалар салынды, ел ғарышты игеруде, мәдени өмірде, спортта және басқа да көптеген салаларда табыстарға қол жеткізді, халықтың материалдық әл-ауқаты артты. Ауқымды саяси және экономикалық сілкіністердің болмауы елдегі тұрақтылықты және азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты.

Екінші жағынан, экономикадағы тұрақтылық мұнай бағасының өсуіне негізделді, бұл Кеңес Одағы басшыларына пайданы жоғалтпай, реформаларды кейінге қалдыруға мүмкіндік берді. Ел бюджетінің үлкен пайызы әскери техниканы ұстауға және жетілдіруге жұмсалды. КСРО-ның басқа салаларда артта қалуына байланысты экономикалық жағдай одан әрі қиындады: өнеркәсіп пен технологиялар ескірді, ал милитаризация (әскерилендіру) салдарынан оларды дамыту мүмкін болмады. Бұл тауарлардың жаппай тапшылығына әкеп соқты. Аграрлық сектор құлдырап, тоқырау дәуірінің соңына қарай азық-түлік дағдарысы орын алды.

Тоқырау дәуірінің тағы бір сипаттамасы басқару аппаратының құрылымында өзгерістердің болмауы еді.  Ведомстволар мен аймақтардың көптеген басшылары өз лауазымдарын 10, кейде 20 жылдан астам уақыт бойы иеленді.

«Тоқырау» терминін алғаш рет Михаил Горбачев Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 27-ші съезінде жасаған баяндамасында қолданды. Сол кезде Бас хатшы қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларында «тоқырау құбылыстары» байқала бастағанын атап өтті.

«Бұл дәуір қоғамның рухани қажыған шағы еді; сол кезең мәдениетінде еркіндіктің аңсары мен тарлық сезімі басты сарын ретінде айқын сезіліп тұрды, ал ел ішінде үлкен өзгерістерге деген жасырын қуат пісіп-жетілді».

«Тоқырау кезеңінің» айқын артықшылықтарының қатарында — ғарыш кеңістігін игерудегі, бірқатар негізгі және жоғары технологиялық салалардағы: авиация, кеме жасау, металл өңдеу, энергетика және т.б. жетістіктер бар. Жол құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жедел дамыды, қылмыс қатаң түрде басып тасталды. Мәселен, Брежнев билік еткен жылдары 1,6 млрд шаршы метр тұрғын үй салынды. Сол жылдары 161 миллион адам жаңа пәтерге ие болды.

 

Дереккөздер:

РИА Новости

Дилетант Медиа

ТАСС

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу