Басты бетке қайту

Делимитация-демаркация

Шекараларды демаркациялау және делимитациялау – мемлекеттік шекараны халықаралық ресімдеу процесінің екі кезеңі.

Шекараларды делимитациялау – мемлекеттік шекара сызығын келіссөздер арқылы айқындау, оның өту бағытын сипаттау, картаға түсіру және тиісті шарттарды халықаралық шартқа енгізу. Делимитация жүргізу барысында уағдаласушы мемлекеттер мемлекеттік шекара сызығының өтуін сипаттайтын құжат жасайды. Ол шарттың дербес бабы болуы немесе оған қосымша ретінде тіркелуі мүмкін. Осылайша белгіленген мемлекеттік шекара сызығы картаға түсіріліп, карта шартқа қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады. Кейіннен әзірленген материалдар мемлекеттік шекараны айқындаудың келесі кезеңіне – оны жергілікті жерде белгілеуге негіз болады.

Шекараларды демаркациялау дегеніміз – шекараны делимитациялау туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың (шарттың, картаның, мемлекеттік шекараның сипаттамасының) негізінде мемлекеттер тепе-тең негізде құратын бірлескен комиссиялардың негізінде арнайы шекаралық белгілермен белгілене отырып, жергілікті жерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеу. Өткізу кезінде жергілікті жерде топографиялық түсірілім немесе аэрофототүсірілім жүргізіледі, оның негізінде шекаралық белдеудің ауқымды топографиялық картасы жасалады, шекаралық белгілер (суда –қалқымалардың көмегімен) орнатылады және олардың координаттары айқындалады. Демаркация жүргізу нәтижесінде мемлекеттік шекараның демаркацияланған сызығының өтуінің сипаттамасы, оған мемлекеттік шекара сызығы салынған карта және әрбір белгіленген шекаралық белгіге схемалары (кейде фотосуреттері) бар хаттамалар жасалады.

 

Дереккөздер:

Үлкен Ресей энциклопедиясы

КоммерсантЪ

«Отечественные записки» журналы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу