Басты бетке қайту

«Ядролық чемодан»

«Ядролық чемодан» – ядролық арсеналды іске қосуға арналған кодтар сақталатын құрылғы, ол әрдайым ядролық қаруы бар мемлекеттің жоғары саяси және әскери басшыларында болады. «Ядролық чемодан» арқылы стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерімен байланыс жүзеге асырылады.

«Кеңестік «ядролық чемоданды» әзірлеу жұмыстары 1970-жылдары елдің жоғарғы басшылығының қажеттілігі үшін басталды. Ол кезде КСРО бағытына қарай баллистикалық зымырандар ұшырылған жағдайда, стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерімен (СМЗӘ) жедел байланыс орнату жүйесін құрудың өткір қажеттілігі туындады. Оған дейін Жоғарғы Бас қолбасшы ядролық арсеналды басқару ісіне тек тиісті командалық пунктке барған жағдайда ғана қатыса алатын.

«Ядролық чемоданды» жасау идеясын КСРО Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, Маршал Сергей Ахромеев ұсынды. Ол әскери барлау қызметінен АҚШ-та осындай құрылғының бар екендігі туралы мәлімет алған болатын. Жаңа жүйені әзірлеушілерге қойылған екі басты талап: барлық қажетті бөліктерді (соның ішінде бір-біріне мүлдем үйлеспейтіндерін де) шағын көлемге сыйғызу және шешім қабылдау сәтінде басшы қатты стресс жағдайында болса, басқаруды барынша жеңілдету. Басшы қарсыластың зымыраны ұшырылып қойған жағдайда, қарымта соққы беру туралы шешімді санаулы минуттар ішінде қабылдауы тиіс деген болжам жасалды. Елдің ядролық арсеналын басқару құрылғысының формасы ретінде электронды блокнот, пульт, портфель немесе «қызыл телефон» нұсқалары қаралды. Бұл жабдықты жасап шығаруға жалпы алғанда 7 жыл уақыт кетті.

 «Ядролық чемоданның» қақпағының астында бастапқыда қызыл және ақ түсті екі батырма орналасты. Халық арасында қалыптасқан жаңсақ пікірге керісінше, «қызыл» батырма ядролық арсеналды іске қоспайтын. Ол зымыранның ұшырылуын тоқтататын (бас тартатын) батырма еді. Жүйе ақ батырма арқылы іске қосылатын. Сондай-ақ чемоданның ішінде код теруге арналған батырмалы панель орналасты. Кейінірек құрылғының интерфейсі өзгерді.

Ресейде «ядролық чемоданның» бірі мемлекет басшысында, екіншісі Қорғаныс министрінде, тағы біреуі Бас штаб бастығында болады. Осындай әрбір импровизацияланған пульттен кодталған сигнал жіберілуі тиіс: тек қажетті үш растау алынған жағдайда ғана жүйе іске қосылады.


«Ядролық чемодан», 1990-жылдар. Екатеринбургтегі Ельцин орталығындағы Б. Ельцин мұражайының экспонаты. Мұражайға экспонатты 2014 жылы Ресей Президенті Әкімшілігі берілген
Дереккөз: Maxim

 

Источники: 

РИА Жаңалықтар

Российская газета интернет порталы

Википедия 

«Ядролық чемодан» мен оның тарихы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу