
Геннадий Головкин
Дереккөз: InBusiness.kz
Геннадий Геннадьевич Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келген.
8 жасынан бастап бокспен айналыса бастайды. 14 жасында жасөспірімдер лигасында әуесқой жекпе-жектерін өткізеді, өте сирек жеңілетін.
Кәсіпқой бокстағы дебютін 2006 жылы мамыр айында Габор Балогқа (венгриялық бессайысшы) қарсы өткізді. Дебюттен кейін қатарынан тағы 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, оның 32-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Өзінің кәсіпқой бокс мансабы тарихында бір рет тең түсіп, екі рет қана жеңілген.
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004) және әуесқой боксшылар арасында әлем чемпионы атанды(2003).
Кәсіпқойлар арасында IBF (Халықаралық бокс федерациясы), WBA (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) бойынша екі дүркін әлем чемпионы.
The Ring журналы оны 2017 жылы әлемнің және салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) үздік боксшысы деп таныды.
BoxRec (кәсіпқой боксшылардың жазбаларын жүргізуге және жаңартуға арналған сайт) бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан барлық уақыт пен халықтардың ең үздік боксшылары рейтингінде 58-орында, сондай-ақ спорт тарихындағы ең үздік азиялық былғары қолғап шеберлері рейтингінде екінші орында.
Орта салмақ дәрежесі тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызымен Гиннестің рекордтар тізіміне енгізілген.
2024 жылдың 26 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Президенті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Спорттағы жетістіктері:
Кәсіби спортта:
Әуесқой спортта:
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу