Басты бетке қайту

Британ парламентіндегі «Сұрақтар сағаты»

Британ парламентіндегі «Сұрақтар сағаты» (Question Time)  – парламент мүшелеріне үкімет министрлеріне, сондай-ақ Премьер-министрге ауызша сұрақтар қою үшін берілетін уақыт. Ол парламенттік процедураның маңызды бөлігі ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болды.

Қойылатын сұрақтар тиісті үкіметтік ведомствоның құзыретіне қатысты болуға тиіс.

Премьер-министрге оның қызметіне қатысты сұрақтар мен кез келген тақырып бойынша қосымша сұрақтар қойылады. Үкіметтік ведомстволар Премьер-министрге қойылуы мүмкін тақырыптар туралы оны егжей-тегжейлі хабардар етіп отырады.

«Сұрақтар сағаты» радио мен теледидардан көрсетіледі, ал пікірталас барысы күнделікті парламенттік бюллетенде сөзбе-сөз жарияланады. Бұл процедура атқарушы биліктің заң шығарушы билік алдында есеп беретінін көрсетеді және Ұлыбританиядағы демократиялық институттардың ажырамас бөлігі.

 

Дереккөздер:

UK Parliament

Иванец Г. И., Калининский И. В., Червонюк В. И. Үкімет сағаты // Ресейдің конституциялық құқығы: Энциклопедиялық сөздік / Проф. В. И. Червонюктің жалпы редакциясымен. — М.: Юридическая литература, 2002. — 246-бет.

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу