
Ақ үйдегі Овалды кабинет (Вашингтон)
Дереккөз: Рувики
Овалды кабинет – Америка Құрама Штаттары Президентінің мемлекет басшысының резиденциясында, Ақ үйдің (Вашингтон) Батыс қанатында орналасқан жұмыс кабинеті. Кабинет өзінің пішініне байланысты осылай аталған. Оның ұзындығы – 10,9 метр, ені – 8,8 метр, ал күмбезінің биіктігі – 5,6 метрді құрайды. Бөлмеде оңтүстікке қараған үш үлкен терезе және төрт есік бар.
Тарихи тұрғыдан алғанда, овалды бөлмелер XVIII-XIX ғасырлар сәулетінде, әсіресе классицизм дәуірінде кең танымал болды. Олар талғампаздық пен мәртебенің белгісі ретінде қабылданды. 1800 жылдан бастап Ақ үйде бірнеше овалды бөлме болған. Ал қазіргі Овалды кабинет 1909 жылы Президент Уильям Говард Тафттың бастамасымен құрылды. Ол жұмыс кеңістігін неғұрлым функционалды әрі символды болу үшін оны қайта құру туралы шешім қабылдады. АҚШ Президентінің қазіргі жұмыс кабинеті 1933 жылы Франклин Рузвельт билік еткен кезеңде қалыптасты.
Ұлықтау рәсімінен (инаугурациядан) кейін әрбір жаңа АҚШ Президенті кабинет дизайнын өз талғамына қарай өзгертеді: жаңа жиһаз таңдайды, овал пішінді жеке кілемін жобалайды, қабырғаларға суреттер мен басқа да интерьер элементтерін қосады.
Овалды кабинеттің алғашқы нұсқасы 1909 жылы Президент Уильям Тафттың тұсында салынды. Қазіргі Овалды кабинет 1933 жылы АҚШ Президенті Франклин Рузвельттің кезінде қалыптасты және содан бері айтарлықтай өзгерген жоқ.

Овалды кабинеттегі Президент Рузвельттің жұмыс үстелі
Дереккөз: Sputnik
Ұлықтау рәсімінен кейін АҚШ-тың әрбір жаңа президенті кабинет дизайнын өз талғамына қарай өзгертеді: жаңа жиһаз таңдайды және өзіне тән овал пішінді кілемге тапсырыс береді. Мәселен, Джо Байденнің президенттігі кезінде Овалды кабинеттегі кілемнің түсі ол өкілдік ететін Демократиялық партияның түсіне сәйкес көк болды. Кілемнің ортасындағы бүркіт бейнесі – президенттік мөр, сондықтан бұйымның жалпы дизайны өзгергенімен, ортасындағы осы сурет өзгеріссіз қалады.

Президент үлкен Джордж Буштың жұмыс кабинеті
Дереккөз: Sputnik

Президент кіші Джордж Буштың жұмыс кабинеті
Дереккөз: РБК

Барак Обаманың жұмыс кабинеті
Дереккөз: РБК

Президент Джо Байденнің жұмыс кабинеті
Дереккөз: РБК
Сондай-ақ британдық «Резолют» кемесінің ағашынан жасалған және 1880 жылы Виктория патшайым президент Резерфорд Б. Хейске сыйға тартқан үстел де өзгеріссіз қалып келеді. Тек үш президент, атап айтқанда Линдон Джонсон, Ричард Никсон және Джеральд Форд өз президенттігі кезінде бұл үстелді пайдаланбаған.

«Резолют» үстелі
Дереккөз: РБК
Овалды кабинетте мемлекет басшысының жұмыс үстелі, кеңес өткізуге арналған аймақ және камин орналасқан. Мұнда АҚШ Президенті әртүрлі ресми іс-шараларды, соның ішінде басқа елдердің көшбасшыларымен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар осы Овалды кабинетте АҚШ Президенті кіші Джордж Буш пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен кіші Джордж Буш Ақ үйдің Овалды кабинетінде. Вашингтон
Дереккөз: TengriNews.kz
Овал пішіні ашықтықты, теңдік пен бірлікті білдіреді. Бұрыштары бөліну сезімін тудыруы мүмкін тіктөртбұрышты бөлмелерге қарағанда, овалды кеңістік үйлесімді өзара іс-қимыл жасауға септігін тигізеді. Президент мұндай кабинетте отырып, қатысушылардың бәріне еркін тіл қата алады, бұл шешімдерді ұжымдық түрде қабылдау идеясын айрықша көрсетеді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу