Басты бетке қайту

Шейхантаур кесенесі


Шейхантаур кесенесі
Дереккөз: Википедия

Шейх Ховенди Тохур (Шейхантаур) XIII ғасырдың аяғында дүниеге келген. Ол сейид, яғни Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы болған. Өзінің білімімен және даналығымен замандастарын таңдай қақтырған. Накшбандия сопы орденінің негізін қалаушылардың бірі ретінде  Шейх ат-Тахур өз ілімдерінде адамдарды шыдамдылық пен жұмсақтыққа, мейірімділік пен сүйіспеншілікке шақырды. Халық арасында ол "даналардың данасы" аталды.

Шейх Ховенди Тахур 1355 жылы қайтыс болды және қазіргі Шейхантаур кесенесі тұрған жерге жерленді. XIV ғасырдың екінші жартысында Ташкентте Зәм-Зәм көзінің емдік суымен жараланған аяғын  емдеген қолбасшы Ақсақ темір Ташкент Шейхі Ховенди Тахурға кесене тұрғызды.

Кесененің сыртқы түрі бірнеше рет өзгертілген. Кесененің  қазіргі көрінісі оның XIX ғ. реконструкцияланған түрі.


Шейхантаур кесенесі, 1871-1872 жж.
Дереккөз: Википедия

Кесене ғимаратының бұйымдары салтанатымен ерекшеленбейді және қарапайымдылық пен тақуалықты уағыздаған Шейх Хавенди Тохурдың рухына толық сәйкес келеді: кәдімгі кірпіштен салынған пішіні дағдылы ғимарат кіреберіс үстіндегі кішкентай көк және ақшыл көк түсті майолика мозаикасымен ғана толықтырылған. Кесене екі бөлмеден тұрады, олардың бірінде Шейхантаурдың өзі, ал екіншісінде - оның зайыбы мен ұлы жерленген.


Ішкі көрініс, Шейхантаур кесенесі
Дереккөз: Uzbekistan.travel


Ішкі көрініс, Шейхантаур кесенесі
Дереккөз: Википедия

Шейхантаур кесенесінің ішінде көне ағаш - саурдың (қылқан жапырақты ағаш, ағаш тәрізді аршаның бір түрі) тасқа айналған діңі сақталған. Аңыз  бойынша, бұл ағаш Александр Македонский кезеңдерінде отырғызылған қырық сегіз саурдың бүгінгі күнге дейін сақталған біреуі.


Шейхантаур кесенесіндегі саур ағашы
Дереккөз: Tengri Travel


Шейхантаур кесенесіндегі саур ағашы діңінің жоғарғы ұшы
Дереккөз: Tengri Travel

Шейх Ховенди ат-Тахур кесенесі Шейхнатур сәулет кешенінің орталығы болып табылады, кешенге сонымен қатар: Шейхантаур жерлеу кешені, Төле би кесенесі және Юнус хан кесенесі кіреді.

 

Дереккөздер:

Исламосфера 

Википедия 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу