Басты бетке қайту

Кремль қабырғасының жанындағы қорым (некрополь)

Кремль қабырғасының жанындағы қорым 1917 жылдың қарашасында құрылды, ол кезде Кремльге шабуыл жасау кезінде қаза болғандардың бауырластар зираты салынған болатын.


Қызыл алаңдағы бауырластар зираты, 10 қараша 1917 жыл
Дереккөз: Википедия


Қызыл алаңдағы №13 бауырластар зираты
Дереккөз: Википедия

Кеңес үкіметі Мәскеуге көшіп келгеннен кейін (1918 жылғы наурыз), Қызыл алаңға «жалпымемлекеттік форум» рөлі қайта оралды. Осыған байланысты «революциялық шайқастарда қаза тапқандарға лайықты ескерткіш орнату» мәселесі туындады. 1918 жылдың сәуірінде Мәскеу кеңесі (Моссовет) «Пролетарлық революция монументін және Қызыл алаңда қаза тапқан жолдастарға арналған ескерткіш салуға» байқау жариялады. 28 маусымда бауырластар зираты мен жеке қабірлерді безендіру жобасы бекітілді. Жоба бойынша некропольді Қызыл алаңның қалған аумағынан биік тұратын террасаға айналдыру, ортасындағы Сенат мұнарасының қабырғасына мемориалдық тақта орнату жоспарланды. Зират үстіндегі үйілген топырақтар тегістеліп, шөп төселіп, гүлзарлармен безендірілді. Қорым бойымен шойын бағаналы электр шамдары орнатылған жөке (липа) аллеясы созылып жатты.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында 7 қараша мен 1 мамыр күндері бауырластар зиратының жанында құрметті әскери қарауыл тұратын, ал әскери полктер осы жерде ант қабылдайтын. Бауырластар зиратында 300-ден астам адам жерленген.

Қызыл алаңда бауырластар зираты ғана емес, сонымен қатар 1919 жылдан бастап пайда болған жеке қабірлер де бар. Барлығы 12 адам жеке қабірге жерленген. Басына құлпытас (бюст) қойылған бұл жеке зираттар Ресей мен Кеңес Одағының көрнекті саяси және мемлекет қайраткерлеріне тиесілі. Олардың қатарында И.В. Сталин, К.Е. Ворошилов, Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, К.У. Черненко бар.


Кесененің артындағы жеке зираттар. Алдыңғы жағында  Я.М. Свердлов бюсті, сол жағында  Л.И. Брежнев бюсті
Дереккөз: Дзен

«1925 жылы жаңа дәстүр пайда болды. Қорымға мәйіт күлі салынған құмыраларды жерлей бастады. Бұл жерді көрнекті ұшқыштар мен ғарышкерлер, ғалымдар өздеріне мәңгілік мекен етті. Жалпы алғанда, қорымда 400-ден астам адам жерленген, оның 50-і  шетелдіктер, олар жиырмадан астам ұлттың өкілдері.»


Кремльдегі колумбарий 
Дереккөз: Дзен

Қорымның орталық ғимараты  В. И. Ленин кесенесі. 


В.И. Ленин мавзолейі  
Дереккөз: По городам и странам

1966 жылдың 3-ші желтоқсанында, Мәскеу түбінде неміс әскерлерінің талқандалуының 25 жылдығында, Кремль қабырғасының жанында алғашқы Мәңгілік алау — «Белгісіз солдат бейіті» мемориалы пайда болды. Кремль қабырғасының етегінде орналасқан Александров бағында Ленинград тас жолының 41-шақырымынан табылған белгісіз солдаттың сүйегі жерленді. 1997 жылдан бастап Мәңгілік алау жанында Құрметті қарауыл бекеті орнатылды.

1974 жылдан бастап қорым мәдениет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынды. Қазіргі уақытта Қызыл алаңда жаңа жерлеу рәсімдері өткізілмейді.

1990-жылдары Қызыл алаңның кеңес дәуірінде қиратылған сәулет ескерткіштері мен нышандарын біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазан соборы, Воскресенск қақпасы және Ивер шіркеуі қайта тұрғызылды. Тарих мұражайының шпильдерінде екі басты қырандар пайда болды. Жақында ғана Спасск және Никольск мұнараларындағы қақпа үстіндегі иконалар қайта ашылып, жарық көрді.

 

Дереккөздер:

Википедия

Мәскеу қаласының Бас архив басқармасы

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу