Мадам Тюссо мұражайы - әйгілі адамдардың балауыз фигуралары, мүсіндік көшірмелері қойылған мұражай, Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан. 1835 жылы мүсінші Мария Тюссо ашқан. Қазіргі уақытта мұражай экспозициясында планетаның түкпір-түкпірінен ең танымал адамдардың 1000 ға жуық балауыз фигуралары бар. Мұражай экспозициясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. "Экспонаттар" қатарына ену адамның атақты, танымал екендігін немесе маңыздылығын өзіндік бір растау болып табылады.

Мадам Тюссо мұражайы
Дереккөз: Мадам Тюссо
Тұрақты мұражай 1835 жылы Лондонда, Бейкер көшесінде ашылды. Бастапқыда онда 30-ға жуық фигура болған. Бұған дейін Мария Тюссо көрмемен Англияны аралап жүретін болған.

Лондондағы Мадам Тюссо мұражайының қоймасы, 1996 жыл
Дереккөз: Livelib.ru
Мадам Тюссоның балауыз мұражайы екі рет жойылу алдында тұрды: 1924 жылы ғимаратты өрт жойып жібере жаздады (көптеген мүсіндер бүлінген, бірақ олар қалпына келтірілді). Ал 1941 жылы Лондондағы Мадам Тюссоның балауыз мұражайы немістердің бомбалауы салдарынан бұзылды.

Мұражайдың Амстердамдағы филиалы, Нидерланды
Дереккөз: Pinterest
1972 жылы мұражай иелері басқа елдерде филиалдарын аша бастады. Алғашқысы - Амстердамдағы мұражай. Келесісі 1999 жылы, Лас-Вегаста ашылды. Қазір бүкіл әлем бойынша 25-тен аса филиал жұмыс істейді.

Балауыз мүсінінің бөлшектерін өңдеу
Дереккөз: Мадам Тюссо
Жылына орта есеппен 230-ға дейін фигура жасап шығарылады және әр филиалға 7-ге дейін жаңа фигура қосылады, 1 фигураны жасап шығару үшін 15-20-ға дейін суретші жұмыс істейді. Мүсін көздері 15 сағат ішінде жасалса, шашты жасауға - 6 аптаға дейін уақыт кетеді, ал фигура - 3-4 айға дейін уақытта дайындалып шығарылады.

мұражайдың кіреберісіндегі Мадам Тюссоның мүсіні
Дереккөз: Мадам Тюссо
1842 жылы, қайтыс болардан 8 жыл бұрын, Мадам Тюссо өз мүсінін жасады, ол әлі күнге дейін мұражайда тұр — кіреберісте келушілерді қарсы алады.

Корольдік отбасының мүсіндері
Дереккөз: Мадам Тюссо
Мұражай бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінген. Әр аймақта бірнеше зал бар. Мүсіндер олардың ішінде де, олардың аралығында да орналасқан. Корольдік отбасы мүшелерінен басқа барлық дерлік мүсіндерді ұстап көруге болады.

Альберт Эйнштейннің Мадам Тюссо мұражайындағы мүсіні
Дереккөз: Дзен
Мұражайдың тақырыптық аймақтары: кино, спорт, саясат, мәдениет және ғылым, музыка жұлдыздары және басқалар. Сондай-ақ, ең әйгілі қылмыскерлердің мүсіндері қойылған қорқынышты бөлме де бар. Фигуралар үнемі жаңартылып, тіпті өзгертіліп те отырады.

Кеңес және Ресей қайраткерлерінің мүсіндері
Дереккөз: Fishki.net
Әр уақытта мұражайда Владимир Ленин, Никита Хрущев, Борис Ельцин, Юрий Гагарин сияқты және тағы басқа Кеңес қайраткерлері мен танымал адамдарының фигуралары қойылған болатын. 2007 жылдың желтоқсанында Мадам Тюссо мұражайында Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиевтің балауыз фигурасы қойылды. 2003 жылы қайтыс болған саясаткер мүсінінің ашылуы оның қайтыс болғанының төртінші жылдығына орайластырылды. Гейдар Әлиев мұражайға мүсіні қойылған Ресейден басқа ТМД елдері көшбасшыларының алғашқысы болды.

Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиевтің Тюссо мұражайындағы мүсіні
Дереккөз: 1news.az
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу