Рио-де-Жанейролағы Құтқарушы Мәсіх мүсіні — Иисус Христостың арт-деко стилінде орындалған ең танымал мүсіні. Ол Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Корковаду тауының шыңында, теңіз деңгейінен 700 метрден астам биіктікте орналасқан. Құрылысы 1921 жылы басталып, 1931 жылғы 12 қазанда салтанатты түрде ашылып, қасиетті деп танылды.

Құтқарушы Мәсіх мүсіні
Дереккөз: Wikipedia
Бұл жерде діни монумент құру идеясы оны жүзеге асырудан әлдеқайда бұрын туындаған. XIX ғасырдан бастап қала тұрғындары «өркешті тауды» Құтқарушыны ібілістің өзі азғырып, азғыруды жеңген Азғыру тауымен салыстырды.
Монумент орнату идеясы Бразилия тәуелсіздігінің жүз жылдығы қарсаңында үкімет тарапынан қолдау тапты. Мүсінді орнатуға қажетті қаражат бүкіл ел бойынша жазылу арқылы жиналды. Бұл іске католик шіркеуінің өзі белсенді үлес қосты.
Алғаш рет Корковаду тауына 1859 жылы жас француз діни қызметкері Пьер-Мари Босс назар аударған еді. Ол қазіргі Ботафого ауданы орналасқан жердегі шағын шіркеуде капеллан болып қызмет еткен. Шіркеу терезелері Корковаду тауына қарап тұратын. Бірде терезе алдында тұрып, ол өзіне діни ескерткіш орнату идеясын ұялатқан ғажайып көріністі тамашалайды. Пьер-Мари өз ойымен әріптестерімен бөлісті, олардың бәрі бұл бастаманы қолдады. Ойы жақсы болғанымен, қаржыландырудың жоқтығынан жоба іске аспай қалды. Осылайша, бұл жоба уақытша тоқтатылады.
1882 жылы таудың шыңына қарай теміржол төсеу туралы шешім қабылданады, бірақ бұл ескерткішке мүлде байланысты емес еді. 1884 жылы жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Кейінірек бұл жол монументті тұрғызу процесінде баға жетпес көмегін тигізді. 1921 жылы, Бразилияның Португалия монархтарынан тәуелсіздік алуының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, қала ақсақалдары француз діни қызметкерінің идеясын еске түсіріп, мүсін орнатуды ұйғарады. Мұндай ауқымды жобаға қаражат жинау «Крузейру» журналы жариялаған науқан (бұл шара кейін тарихқа «Монумент апталығы» деген атпен енеді) және жергілікті шіркеулердің сенушілері арқылы жүзеге асырылды.
Рио-де-Жанейро тұрғындарына бұл идея ұнап, қысқа мерзімде шамамен 2 миллион бразилиялық реал жиналады. Ұсынылған үш жобаның ішінен бразилиялық инженер Хейтор да Силва Кошта жасаған Құтқарушы Мәсіх бейнесі таңдап алынады. Жобада көптеген адамдар жұмыс істеді. Солардың ішінде мүсіннің макетін жасаған суретші Карлос Освальд мүсінді екі қолын жан-жаққа жайып тұрған қалыпта жасауды ұсынды. Жобаға мүсінші Максимилиан Пол Ландовски де тартылды. Хейтор да Силва Максимилианмен және инженерлер Альберт Каку мен Хейтор Левимен кездесу үшін арнайы Парижге барады. Сонымен қатар, жобаға румыниялық мүсінші Георг Леонида да қатысты (ол мүсіннің басын жасауға жауапты болды)».

Мүсін құрылысы
Дереккөз: Әлемдік архитектура
Мүсіннің алғашқы іргетасы 1922 жылы қаланады, құрылыс қала тұрғындары мен қайырымдылық жасаушылардың қаражатына жүргізіледі. Болашақ мүсіннің алғашқы эскизін бразилиялық суретші Карлос Освальд жасаған. Мүсіннің негізгі материалдары — темірбетон мен талькохлорит (сабынтас).
Монумент бөлшектерін дайындау жұмыстары Францияда жүргізілді, өйткені жергілікті жағдайда бұған техникалық мүмкіндік болмады. Әрбір бөлшек жеке-жеке кемемен жеткізіліп, содан кейін теміржол арқылы тау басына көтерілді. (ФОТО 2)
Мүсіннің биіктігі — 38 метр, оның 8 метрі тұғырға тиесілі. Құлашы (екі жаққа жайылған қолдарының ұзындығы) — 28 метр. Мүсіннің салмағы — 635 тонна. Бұл — қаланың ең биік нүктесі. Мүсіннің ішінде бес жерден сыртқа шығатын тар металл саты бар: екі-екіден әр қолда және біреуі төбесінде орналасқан. Зәулім мүсінге көтерілуге тек техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысатын мамандарға ғана рұқсат етілген.

Құтқарушы Мәсіх мүсіні
Дереккөз: Wikipedia
2007 жылы бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде мүсін Ұлы Қытай қорғаны, Колизей, Тәж-Махал, Петра, Мачу-Пикчу және Чичен-Ица сияқты нысандармен қатар «Әлемнің жаңа жеті кереметінің» бірі болып таңдалады.

Әлемнің жеті жаңа кереметі
Дереккөз: Дзен
2012 жылы ЮНЕСКО мүсінді Бүкілдүниежүзілік мұра тізіміне енгізді. Жыл сайын мүсінді шамамен 2 миллионға жуық турист тамашалайды.

2023 жылғы 10 ақпанда Рио-де-Жанейродағы Құтқарушы Мәсіх мүсініне түскен найзағай
Дереккөз: MKRU
Тау шыңында орналасқандықтан, мүсінге жиі найзағай түседі, бұл оның бөліктеріне зақым келтіреді. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін Бразилия католиктік епархиясы арнайы сабынтас қорын жинап қойған.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу