Басты бетке қайту

КОКП мүшесінің есепке алу карточкасы

КОКП КОКП (Кеңес Одағы Коммунистік партиясы) мүшесінің есепке алу карточкасы – Партиялық билетпен және партбилеттің есеп карточкасымен бірге Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) партиялық есепке алу құжаттарының бірі (1973 ж. үлгісіндегі жинақ). 1922 жылдан бастап партия мүшелерін орталықтандырылған есепке алу үшін енгізілді.

КОКП-ның әр мүшесінің қолында өзінің негізгі құжаты - партияға кірген кезде берілетін және партия мүшесі жөнінде негізгі мәліметтер ғана қамтылатын мүшелік билеті болды. Есепке алу карточкасы, әдетте, аудандық партия комитетінде (аудандық комитетте) сақталды. Қызыл түсті шағын кітапша түріндегі бұл құжат, шын мәнінде – партия мүшесінің жеке ісі. Есепке алу карточкасына партияға өту туралы, шығу тегі, отбасы, білімі, әскерде қызмет етуі, еңбек қызметі мен партиялық қызметі туралы, сондай-ақ партиялық желі бойынша жаза (жазалары) немесе көтермелеулер туралы барлық маңызды мәліметтер енгізілді.


КОКП мүшесінің есепке алу карточкасы
Дереккөз: 
Википедия

Партия мүшелерін жазалау мен көтермелеулердің өзіндік бір "рейтингі" болған: "есепке алу картасына енгізумен" тұжырымдамасы орын алған жағдайдың ауыр екендігін білдірді, өйткені көтермелеу немесе жазалау туралы жазбалар партия мүшесінің қызмет тізімінен өшірілмейді. Ең қатаң жаза партиядан шығару болды.

Дереккөздер:
Путеводители по российским архивам

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу