Басты бетке қайту

ИШИМ/ Ислам мемлекеті

ИШИМ байрағы
Дереккөз: Wikipedia    

ИШИМ/Ислам мемлекеті (ИМ, ИШИМ), - Ислам мемлекеті - халифат құруды өз мақсаты етіп жариялаған, әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде 2015 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған халықаралық исламистік террористік ұйым. Осы жылдар ішінде ол бүкіл әлем бойынша жүздеген террористік актілер мен арандатулар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Ұйымның қызметін материалдық қамтамасыз етудің негізгі көздері – мұнай контрабандасы, тонау, қару-жарақ саудасы, адам ұрлау. Ұйымның қызметіне әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған. 2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласы Есіл ауданы сотының шешімімен "Ислам мемлекеті" ұйымы (ИШИМ, ИСИМ, ДАИШ) ресми түрде террористік деп танылды және оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынды.
ИШИМ 2006 жылы АҚШ әскерлері мен олардың одақтастарының Иракты басып алуына қарсы шыққан бірқатар сунниттік исламшыл топтардың негізінде құрылды. Аса қуатты кезеңі - 2013-14 жылдары оның бүкіл әлем бойынша мыңдаған жақтастары болды, ұйымның қатарындағы адам саны 40-50 мың содыр деп бағаланды. Сирия мен Ирактың басып алынған жерлерінде (100 мың шаршы шақырымнан асады, Португалиямен салыстыруға болатын аумақ) ИШИМ Халифат жариялады. Дінаралық қайшылықтарды, материалдық қызығушылықты шебер қолдана отырып, исламды "қорғау" ұрандарымен айла-шарғы жасай отырып, ИШИМ өз қатарына содырлар тартты. Ресейлік мәліметтерге сәйкес, 2015-2016 жылдары Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінен шыққандардың  ИШИМ қатарындағы саны  5-тен 7 мыңға дейін болды. 
2015 жылы бұл "мемлекетті" екі  коалиция - АҚШ бастаған Ресей-Сирия мен одақтастар күші жойды. Исламистер бұл жерлердің көп бөлігінде бақылауды жоғалтты және халық аз қоныстанған, шөлді аймақтарға шегінуге мәжбүр болды. Топ саны тез азая бастады, бұл ИШИМ-ді әлемнің әртүрлі елдеріндегі астыртын желілік террористік топтар тактикасына көшуге мәжбүр етті. 
ИШИМ басқа ешқандай елдер мен олардың үкіметтерін мойындамайды, өйткені радикалды исламистердің көзқарасы бойынша олардың барлығы ғибратсыз өмір сүреді. Тікелей радикал-салафиттерден басқа, тіпті басқа мұсылмандар, атап айтқанда шииттер де кәпір деп саналады. Сарапшылардың атап өткендей, соңғы жылдары ИШИМ  террористік актілерде өз мүшелерін қолданбай, орындаушыларды жергілікті тұрғындардан тартуды жөн көреді. ИШИМ әрдайым қақтығыстар тоғысында жұмыс істейді, дінаралық текетіресті, ұлттық қайшылықтарды, экономикалық және идеологиялық проблемаларды пайдалана отырып, үгіт-насихатты шебер жүргізеді. 
2023-24 жылдары мамандар ИШИМ мен оның "еншілес" бөлімшелерінің террористік белсенділігі күшейгенін мәлімдеді. ИМ террористік актілерінің географиясы тек Еуропа елдерін, Ресейді ғана емес, Азия мен Африканың мұсылман халқы басым  елдерін де қамтиды. Содырлардың әрекеттері әрқашан да қатыгездікпен және адам өмірі мүлдем бағаланбауымен ерекшеленеді. Тек 2024 жылдың өзінде ғана ИШИМ бірнеше ондаған адам қаза тапқан және зардап шеккен бірқатар шабуылға қатысы барын мәлімдеді. Ең қантөгісті акциялардың қатарында - генерал Касем Сүлейманидің өлтірілгеніне жыл толу рәсімі кезінде Керманда (Иран) қалалық зиратта болған жарылыстар (90-нан астам адам қаза тапты және 300-ге жуық адам зардап шекті) мен Мәскеудегі Крокус Сити Холлдың концерт залындағы теракт (145 адам қаза тапты және 550-ден астам адам зардап шекті).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунға берген сұхбатында ИШИМ қозғалысының қызметі туралы былай деді: «Бұл экстремистер. Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп жазылған. Олардың Құранға да, мұсылмандыққа да еш қатысы жоқ. Бұл дінді өз мақсаттары үшін пайдаланатын құр ғана  экстремистер. Бұл исламның өзіне зиян келтіреді»
 

Дереккөздер: 
ТАСС
Үлкен Ресей энциклопедиясы  
Zakon.kz  
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу