
Сергей Плеханов
Дереккөз: Ресей Жазушылар одағы
Сергей Николаевич Плеханов 1949 жылы Свердловск қаласында (Ресей) дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін ол Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (МГИМО) оқуға түсті, бірақ тыйым салынған әдебиеттерді оқығаны үшін оқудан шығарылды. Максим Горький атындағы Әдебиет институтында оқуын жалғастырып, 1979 жылы бітіріп шықты.
Әдеби мансабын «Жер есінде» (1984) жинағын шығарудан бастап, онда бірнеше тарихи тұлғалардың портреттерін берді. Жас жазушы алғашқы ең үздік кітабы үшін Максим Горький атындағы сыйлыққа ие болды.
Кейінгі жылдары әдеби және публицистикалық қызметпен белсенді айналысты. «Жол таңдау» (1986), «Сөз іздеу» (1987), «Адасқан шабандоз» (1989) және басқа да шығармалары жарық көрді. 1986 жылы «Керемет адамдардың өмірі» атты танымал топтамасына орыс жазушысы Алексей Писемский туралы кітап жазды.
1991 жылы «Гдлянның ісі. Саяси жанжалдың анатомиясы» атты кітап жариялап, онда Өзбек КСР-дегі (қазіргі Өзбекстан Республикасы) сыбайлас жемқорлық жанжалын талдады. 1994 жылы ол Ресейдің ЛДПР партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Жириновский туралы өзінің алғашқы өмірбаян кітабын жазды.
2000-шы жылдардан бастап, Ресей мен Шығыс елдерінің қазіргі саяси көшбасшыларына арналған кітаптар топтамасымен жұмыс істеді. Оман сұлтаны Кабус бин Саид, Ирак билеушісі Саддам Хусейн, орыс императоры Николай II және басқа да қайраткерлердің өмірбаяндарын қолға алды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын «Жібек емес жол» деген атпен жариялады. Бұл кітапты жазуға 15 жылын жұмсады. Осы уақыт ішінде Сергей Плеханов қазақстандық көшбасшының балалық және жасөспірімдік шақтары өткен жерлерге барып, туыстарымен, серіктерімен және көмекшілерімен әңгімелесті, Президенттің өзімен де бірнеше рет кездесті. Өз еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниеге келген сәтінен бастап, әлемдік ауқымдағы саясаткер болғанға дейінгі өмір жолын сипаттады.

Сергей Плехановтың Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Жібек емес жол» кітабының мұқабасы
Дереккөз: «Халықаралық қатынастар» баспасы
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу