Басты бетке қайту

Буржуйка пеші


Буржуйка пеші, XX ғасырдың басы 
Дереккөз: ARTEFACT

Буржуйка пеші – металл пеш, үй жылытуға, ал сирек жағдайларда – тамақ пісіруге, сол сияқты саз бұйымдарды күйдіру үшін пайдаланылады.»Буржуйка» пештер XVIII ғасырда пайда болған және ХХ ғасырдың бірінше жартысында өте кең тараған.

Пештің өзі ғана емес, сондай*ақ тұрбасы да металдан жасалған. Пеш үйді тез жылытады, бірақ отын салынбаса, тез суып кетеді. Мұндай пештердің тұрбасы бүйірінен шығарылып,  үстіңгі жағында плита ретінде қолдануға болатын бет жасалған.

Пеш жуан бөшке тәріздес болғандықтан, буржуйдың (ауқатты капиталист) карикатуралық бейнесіне ұқсас болғасын осылай аталып кеткен. Тағы бір болжам бойынша «буржуйка» деп аталуының себебі – отын көп кетеді де, жылуды аз береді, бұл да буржуй бейнесіне ұқсатылды.

Пеш дәстүрлі каминнің бір түрі болды. Мұндай пештер өте тез қызып, белгілі бір энергия сыйымдылығына ие болды. Олардың жалғыз кемшілігі отынды көп жұмсауы еді, бірақ зиялы қауым өкілдері үшін бұл мәселе болмады.

Дереккөздер: 

ARTEFACT

Рузский краеведческий музей

Викпедия


 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу