Қазақстанда EXPO көрмесін өткізу бастамасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. 2012 жылы Бельгияның Льеж қаласына қарсы күресте Қазақстан әлемдік деңгейдегі осы ауқымды көрмені өткізу құқығын жеңіп алды.

Экспо-2017 көрмесі
Дереккөз: UniTicket
Көрменің тақырыбы баламалы энергия көздеріне көшу және «жасыл» технологияларды қолдану болып анықталды.
«Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясы аясында сөз сөйлеген орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын әзірлеу бастамасымен тығыз байланысты болды.
EXPO-2017 өткізу үшін көлемі 25 гектардан асатын көрме кешені салынды, онда Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар орналасқан.

Астанадағы Экспо-2017 кешені
Дереккөз: UniTicket

Қазақстан павильоны «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде
Дереккөз: gov.kz
«Болашақ энергиясы» тақырыбында EXPO-2017 көрмесінің ашылуы 2017 жылғы 10 маусымда өтті.
Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты, оған 4 млн турист келді, оның 650 мыңға жуығы шетелдік, 40 Мемлекет басшылары көрме іс – шараларына қатысты.

Мемлекет басшылары «Экспо-2017» көрмесінде
Дереккөз: gov.kz
Көрмеде ЭКСПО тақырыбын көрсететін 140 экспозиция, оның ішінде ұлттық павильонда - 29 жоба, үздік тәжірибелер аймағында – жасыл экономика саласындағы отандық ғалымдардың 24 жобасы ұсынылды.
EXPO-2017 жабылу салтанатында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев «көрме Қазақстанның одан әрі инновациялық дамуын айқындайтын феноменге айналғанын және бүкіл әлемде таза энергетиканың жаһандық дамуына өзінің бірегей үлесін қосқанын» атап өтті. Мәселен, «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбы Қазақстанның жаңа және қауіпсіз технологияларды дамыту ниетін жариялап қана қоймай, трендтерді де белгіледі.

Н. Н. Назарбаев «Экспо-2017» көрмесінің жабылуында
Дереккөз: Sputnik
Дереккөздер:
Nur.kz
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу