
Шәкір Әбенұлы
Дереккөз: Adebiportal
Шәкір Әбенұлы (шын есімі – Мұхаметшүкір) 1901 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. Семейдегі приход мектебінде оқыған. 1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабылданады.
Алғашқы «Борсықтар» деген өлеңі 1916 жылы «Айқап» журналында басылған.
1937 жылы «Әдебиет және өнер» журналында жарық көрген «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» поэмасы оның ақындық атағын шығарады.
1937 жылы Шәкір Әбенұлы «халық жауы» атанып, ұсталып, артынша түрмеден қашып шығып, көрші Қырғыз еліне асып кетеді.
1939 жылы Алматыға қайта оралып, Қазақстан ғылыми зерттеу орталығына Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын жинастырып, алғаш қағаз бетіне түсіріп, тапсырады.
1940-1941 жылдары ол жалған айыппен қамауға алынып, Семей түрмесіне жіберілді.
Ұлы Отан соғысы басталған соң, өз еркімен майданның алғы шебіне аттанған.
1945 жылы саяси тұтқын ретінде Сібірге айдап, ол Александров абақтысына қамалады.
1991 жылы 10 желтоқсанда салтанатты ұлықтау рәсімінде Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз батасын берді.

Ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Шәкір Әбенұлының берген батасы
Дереккөз: E-history
1994 жылдың 23 қазанында дүниеден озды. Оның дүниеден озуына орай Нұрсұлтан Назарбаев: «Шәкір атадан бата алған сәтім жадымда мәңгі қалды», - деді.
ХІХ ғасырдың тарихи оқиғалары негізінде «Кейпін батыр» (1939), «Таңшебер – Жапал» (1962), «Ортақ арал» (1968), «Қорқыт қобызы», «Пәрмен», «Патша мен байғыз», «Алданған қыз», «Ана махаббаты», «Тоқтамыс батыр» атты дастандарын жазды.
Дереккөздер:
Adebiportal
E-history
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу