
Рамазан Абдулатипов
Источник: RusTeamMedia
Рамазан Гаджимурадович Абдулатипов 1946 жылы 4 тамызда Дағыстан АКСР (қазіргі Дағыстан Республикасы) Тляратин ауданы Гергута ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі — майдангер сарбаз, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
1963 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп, Буйнак медициналық училищесіне түсті, оны 1966 жылы «фельдшер» мамандығы бойынша бітірді.
1975 жылы Дағыстан мемлекеттік университетінің Тарих факультетін, ал 1978 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің (қазіргі Санкт-Петербург) Философия факультетінің аспирантурасын бітірді.
1985 жылы докторлық диссертациясын қорғап, Дағыстанға жұмысқа шақырылды, ол жерде Дағыстан педагогикалық институтының философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1988 жылы Мәскеуге КОКП ОК Ұлттық қатынастар бөлімінің кеңесшісі қызметіне шақырылды. Оның бастамасымен Талдау және болжау секторы ұйымдастырылып, өзі сол сектордың меңгерушісі болды.
1990-1993 жылдары — РСФКР Халық депутаты, 1991-1993 жылдары — РСФКР Жоғарғы Кеңесі Ұлттар палатасының төрағасы.
1993 жылдың желтоқсанынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін — РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің депутаты, Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары.
1995-1997 жылдары — РФ екінші шақырылған Мемлекеттік Думасының депутаты, Шешен Республикасындағы Бейбіт реттеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы.
1997-2000 жылдар аралығында Рамазан Абдулатипов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары, РФ министрі болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қыркүйегінде «Ресей халықтары ассамблеясы» қоғамдық ұйымы кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2005 жылдың мамырынан 2009 жылдың маусымына дейін Ресей Федерациясының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.
2011 жылдың желтоқсан айынан — РФ VI шақырылған Мемлекеттік Думасының депутаты, МД-ның Федеративті құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
2013 жылдың қыркүйегінде Дағыстан Республикасының басшысы болып сайланып, 2017 жылдың қазан айында осы қызметінен кетті.
2018 жылдың 20 желтоқсанынан 2023 жылдың 17 шілдесіне дейін Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі қызметін атқарды.
Абдулатипов 30-дан астам кітаптың авторы және тең авторы, соның ішінде: «КСРО Конституциясы және қазіргі кезеңдегі ұлттық қатынастар» (1978; тең авторлық), «КСРО-дағы интернационализмнің Лениндік саясаты: тарихы мен қазіргі заман» (1982; тең авторлық), «Ұлтқа қарсы қастандық: халықтар тағдырындағы ұлттық және ұлтшылдық» (1992), «Ресей мемлекетінің федеративтік және ұлттық саясаты туралы» (1995), «Ресейдегі ислам тағдыры» (2002), «Менің дағыстандық халқым: тарихи-философиялық очерктер» (2013), «Ақыл мен жан бұлақтары» (2016).
2013 жылы Г. Цадас атындағы Авар музыкалық-драма театрында (Махачкала) Расул Ғамзатовтың 90 жылдығына арналған Абдулатиповтың «Мәңгілік махаббат оты» пьесасы бойынша қойылымның премьерасы өтті.
Дереккөздер:
ТАСС
РИА жаңалықтар
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу