
Мұхтар Әуезов
Дереккөз: Gov.kz
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының Шыңғыстау шатқалында (Қазіргі Қазақстан Республикасының Абай облысы) дүниеге келген.
Медреседе, Семей мұғалімдер семинариясында және Санкт-Петербург университетінде білім алған.
Мұғалім, "Қазақ" газетінде журналист және редактор болып жұмыс істеді.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолы "Еңлік-Кебек" пьесасынан басталды, бұл шығарма екі жастың қайғылы тағдыры туралы халық аңызына негізделген.
"Абай", "Өскен өркен", "Қилы заман" романдарының авторы. "Қаралы сұлу", "Қорғансыздың күні", "Кім кінәлі?", "Жетім", "Көксерек" новеллаларын, "Тас түлек", "Алма бағында" пьесаларын, "Қараш-Қараш оқиғасы" повесін жазған.
Александр Пушкин, Михаил Лермонтов, Николай Гоголь, Уильям Шекспир, Джордж Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Мұхтар Әуезов шығармашылығының шыңы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы төрт томдық "Абай жолы" роман-эпопеясы болып табылады. Роман жазушы атын әлемге танытты. Ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, "Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына" кірді.
1959 жылы «Абай жолы» дилогиясы үшін М. Әуезовке Ленин сыйлығы берілді, ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V шақырылымының депутаты болып сайланды. 1960 жылы кеңестік жазушылар тобымен бірге АҚШ-қа барды. Оралған соң «Американдық әсерлер» атты очерктер топтамасы және «Жас ұрпақ» атты жаңа роман жазумен айналысты.
1961 жылдың жазында емделу үшін Мәскеуге кетті. 1961 жылы 27 маусымда ота кезінде қайтыс болды. Алматыдағы Орталық зиратқа жерленген.
Қазақстанда және басқа елдерде оның есімімен көшелер, мұражай-үйлер мен мәдени орталықтар аталған.
Дереккөздер:
Gov.kz
Әдебиет порталы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу