Басты бетке қайту

Борис Пуго (1937–1991)


Борис Пуго
Дереккөз: Википедия

Борис Карлович Пуго 1937 жылы 19 ақпанда КСРО Калинин (қазіргі Тверь) қаласында революция мен азаматтық соғысқа қатысушы партия қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Латыш. 

1960 жылы Рига политехникалық институтын бітіріп, Рига электр машина жасау зауытында инженер болып жұмыс істеді. 

1961 жылдан-Латвия КСР-нда комсомол және партия жұмыстарында қызмет жасаған.

1976 жылдан - мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.  Латвия КСР МҚК төрағасы (21 қараша 1980 – 14 сәуір 1984). 

1984 жылдан бастап партия жұмысына қайта оралды. Латвия КП ОК-нің 1 – хатшысы (1984 ж. сәуір – 1988 ж. қыркүйек) және КОКП ОК жанындағы ҚКП төрағасы (1989 ж. қыркүйек – 1990 ж.), 1990 ж. шілдеден – КОКП Орталық бақылау комиссиясының төрағасы, 1986 ж. наурыздан – КОКП ОК мүшесі, 1989 ж. 20 қыркүйегінен - КОКП ОК Саяси бюросы мүшелігіне кандидат.

1990 жылғы 1 желтоқсан - 1991 жылғы 22 тамыз аралығында - КСРО Ішкі істер министрі. 

ГКПЧ мүшесі. Жеңілгеннен кейін ол өз-өзіне қол жұмсады. Мәскеуде Троекуров зиратында жерленген.
 

Дереккөздер:

«Отандық арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының тарихы» сайты 

ТАСС

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу