
Әйтеке би
Дереккөз: Qazaqstan Tarihy
Әйтеке би Байбекұлы - кіші жүздің бас биі, мемлекет қайраткері. Қоқан хан Ақшидің немересі, Самарқандты билеген әмірі баһадур Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Би — сондай-ақ «бей», «би», «бек» - Қазақстан, Орталық Азия және Таяу Шығыс түркі тілдес халықтарының дворяндық титулы мен атағы.
1644 жылы Өзбекстандағы Қазіргі Қызылжар ауылының аумағында дүниеге келген. Әйтеке бес жасынан ауылдағы молладан оқып сауатын ашқан. Ол Ұлықбек медресесінен, одан кейін Самарқандағы «Шердорда» (кейбір дерекөздерде Бұқарада) оқыды. Осылайша ол тарихи тағдыр тәлейіне орай талғампаз аристократтық ортада ержетіп қана қойған жоқ, тимуридттер сарайының маңызды шешімдеріне куә бола жүріп, сол кездегі медреселерде білім берудегі міндетті пәндер болып саналатын мұсылмандық құқық, логика, тарих, астрономия, математика мен риторика салаларынан жоғарғы білім де алды. Ол араб, парсы және шағатай тілдерін жетік түрде игерді.
Жиырма бір жасында қазақтар, өзбектер, Бұхара мен Самарқанд қарақалпақтары бөлігінің басты биі болды. Жиырма бес жасында Кіші жүздің бас биі болып сайланды.
Әйтеке хан кеңесінде сыртқы және ішкі саясатқа қатысты мемлекеттік істерді шешуде маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының бірлігін, жақсы жабдықталған және оқытылған әскер құруды жақтады. Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі.
Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Едіге, Төле, Қазыбек билердің қатысуымен 1684 жылы қазақ қоғамының әлеуметтік және құқықтық нормалары заңды түрде бекітілген «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл заңдар жинағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке би 1700 жылы қайтыс болды. Ол Өзбекстандағы Қазіргі Нұрата ауданының аумағында жерленген.
Дереккөздер:
Qazaqstan Tarihy
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу