
Атауы: Сталинге хат (Бесеудің хаты). Драма
Автор: Шерхан Мұртаза
Шығу деректері: М.О.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры; 1989ж.
Спектакль туралы:
“Сталинге хат”, немесе “Бесеудің хаты” – бұл нақты құжатқа - Қазақстан өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Голощекинге қазақ зиялыларының 1932 жылғы 4 шілдеде жазған жазған хатына негізделген пьеса (бастапқыда бұл хат Иосиф Сталинге арналған). Хаттың авторлары жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарының энергетика секторының меңгерушісі Қадыр Қуанышев, Алматы Комвузының проректоры Емберген Алтынбеков және оның орынбасары Мұташ Дәулетқалиев болды. Хатта авторлар елді аштық жайлағанын, ұжымдастыру нәтижесінде мал шаруашылығының күйрегенін Голощекинге жеткізіп, дабыл қақты.
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу