
Атауы: Қыз Жібек. Драма
Автор: Сұлтанахмет Қожықов (Сценарийін жазған – Ғабит Мүсірепов)
Шығу деректері: 1970ж.
Шығарма туралы:
Халық жырының желісімен жазылған тарихи-романтикалық драма. Көшпелі қазақтардың рухани өмірінің көптеген тұстары, олардың ой-арманы, елдің бірігуге ұмтылысы - бір-бірімен жауласқан екі ел жастарының қайғылы махаббаты туралы осы аңыздың поэтикалық жолдарында көрініс тапты.
Жағалбайлы руынан шыққан батыр - ақылды, көреген, тапқыр Төлеген әкесінің қарсылығына қарамастан көрші тайпадан Жібек сұлуды - рубасы Сырлыбайдың қызын қалыңдыққа таңдайды. Бірақ жастардың жолын зұлым күштер бөгейді, ғашықтардың қосылуына феодалдық тәртіп кедергі болады. Төлеген Бекежан қарақшының қолынан қаза табады, ал Жібек Жайықтың суына кетеді...
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу