
Атауы: Колхозды ауыл осындай. Өлең
Автор: Сәбит Мұқанов
Жазылған жылы: 1960г
Өлеңнің мәтіні:
Бар тәнін жұлдыз жапқан барқыт түнде,
Комбайнға күзетші шалмен бірге
Далада отырдым мен, Құлағымды
Бірдей сап шал сөзіне, басқа үнге.
Шалымның аты Кенбай — сөз ұясы,
Басы, бір жалғанның кең дүниясы;
Ертегі, өлең, жырдың, шежіренің
Миы бай, көркем, сұлу антологиясы.
Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай;
Жортады желмаядай шал кеңеске
«Осылай болған екен, шырағымдай!.
Сусыным қанбай шалдың бұлағына,
Сөздері балдай жағып құлағыма,
Отырсам бізді тыңда дегендей боп,
Шулайды құс та, мал да, қыр аңы да
Текелер пысқырынып бақылдайды,
Қаз қаңқылдап, сауысқан тақылдайды;
Аш қасқыр ұлып, үрген иттің, даусы
Темірдей тиіп көкке шақылдайды.
Жайылған жылқыларын беттеп айды,
Түгендеп жылқышылар құраулайды;
Егінге жолай алмай күзетшіден
Ыза боп тырна қатты тыраулайды.
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу