Басты бетке қайту

Төлеген Адам-Юсупов (1937–2015)


Төлеген Дүйсенбайұлы Адам-Юсупов
Дереккөз: Ел қаһармандары 

Төлеген Дүйсенбайұлы Адам-Юсупов 1937 жылы Алматы облысында туған.
1959 жылы Магнитогорск қаласында (Челябі облысы) жеделдетілген оқудан өтіп, Қазақстанға оралды. Қарағанды металлургия комбинатында («Қазақстан Магниті») төртінші көрікші, ал кейіннен – аға көрікші болып жұмыс істей бастады. 1960 жылы 3 шілдеде кәсіпорынның алғашқы іске қосқан домна пешінде шойынның алғашқы партиясын балқытқандардың қатарында болды.
Төлеген Адам-Юсупов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге комбинатта сегіз жыл жұмыс істеді.
27 жасында Адам-Юсуповқа Еңбек Қызыл Ту ордені берілді, 31 жасында ол «КСРО-ның құрметті металлургы» атағына ие болды. 1981 жылы 2 наурызда 44 жасында «үздік өндірістік жетістіктері, оныншы бесжылдықтың тапсырмаларын және өнім шығару, оның сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданған социалистік міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындағаны және көрсеткен ерен еңбегі үшін» Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
1968-1970 жылдары — Теміртау қалалық еңбек депутаттары кеңесінің депутаты. 1979-1984 жылдары – КСРО 10-шы Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар кеңесінің депутаты, ал 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР 11-ші шақырылымының депутаты. 1976 жылы —КОКП XXV съезінің делегаты.
2015 жылы 5 мамырда Алматы қаласындағы өз үйінде дүниеден озды. Алматы қаласындағы Кеңсай-2 зиратында жерленді.

Дереккөздер: 
Ел қаһармандары 
МИА Қазақпарат 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу