Басты бетке қайту

«Жеңіс» ордені



«Жеңіс» ордені
Дереккөз: Мәскеу Кремль мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы


«Жеңіс» ордені 1943 жылы 8 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл Армияның жоғары қолбасшылық құрамын марапаттау үшін тағайындалды. Орден бір немесе бірнеше майдан көлемінде сәтті жүргізілген, нәтижесінде жағдай Қызыл Армияның пайдасына түбегейлі өзгерген жауынгерлік операциялар үшін берілді. Марапаттау тек КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлықтары негізінде ғана жүргізілді.

Орден белгісі гауһар тастармен жиектелген бес бұрышты лағыл жұлдызды бейнелейді. Жұлдыздың ортасында Ленин кесенесі мен Спасская мұнарасы бар Кремль қабырғасының алтын бейнесі орналасқан. Орден бар болғаны 20 рет берілген.

Орден кавалерлері 17 адам болды, олардың арасында Кеңес Одағының маршалдары Георгий Константинович Жуков, Александр Михайлович Василевский және Иосиф Виссарионович Сталин бар.
Орден Мәскеу зергерлік-сағат фабрикасында платинадан жасалған, безендіру үшін алтын мен күміс те қолданылған. Жұлдыздың шеттері мен оның ұштарының арасында орналасқан сәулелер гауһар тастармен көмкерілген. Ресей Федерациясының марапаттау жүйесіне енгізілмеген.

Дереккөздер:

Үлкен Ресей энциклопедиясы 

Комсомольская Правда

Bigenc.ru

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу