Басты бетке қайту

КСРО халық әртісі


"КСРО Халық әртісі" төсбелгісі
Дереккөз: Википедия 


«КСРО халық әртісі» құрметті атағын КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылы 6 қыркүйекте бекітті. Бұл жоғары марапат елде 1919 жылдан бері  болған "Республиканың халық әртісі" жоғары құрметті атағын алмастырды. "КСРО Халық әртісі" атағы 55 жыл беріліп келді және 1991 жылы соңғы рет берілді. Бұл құрметті атаққа барлығы 1006 адам, оның ішінде 28 қазақстандық  ие болды. 
"КСРО Халық әртісі" құрметті атағы шығармашыл ұрпақ тәрбиелеп, кеңестік театрдың, музыканың, киноның, цирктің, теледидардың және радиохабар тарату салаларының дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті өнер қайраткерлеріне берілді.

"КСРО Халық әртісі" атағы КСРО Мәдениет министрлігінің, КСРО Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің, КСРО теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің, КСРО Кинематографистер одағы, КСРО Композиторлар Одағы басқармаларының ұсынысы бойынша берілді.

Марапат КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасынан, төсбелгіден және оған қоса берілетін куәліктен тұрды.

Төсбелгіні кеуденің оң жағына, ал осы атаққа ие болған адамдарда КСРО ордендері болған жағдайда - олардың үстіне тағу ұйғарылды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда "Қазақ КСР халық әртісі" атағы "Қазақстанның халық әртісі" атағымен ауыстырылды.

Дереккөздер:

QMonitor

Дзен

КСРО халық артистері. Өмірбаяндары. 3 томдық. 1-т. Құрастырушы С.Е. Николаев. М. 2024, 482 б.

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу