Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы КСРО республикаларының шекараларын тану принциптерін бекіткен құқықтық құжаттар ретінде 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аясындағы бірқатар декларациялар мен республикалар арасындағы әртүрлі екіжақты шарттар негізге алынды. Осы құжаттарға сәйкес, тәуелсіз елдер арасындағы шекаралардың негізі ретінде бұрынғы КСРО құрамындағы одақтас республикалардың шекаралары қабылданды. Қазақ-қырғыз шекарасын делимитациялау, яғни оны карталарда анықтау және үкіметаралық келісімдер жасасу үшін 1930 жылғы 10 қыркүйектегі «Қазақ және Қырғыз АКСР-лері арасындағы шекаралар туралы» қаулы заңдық база ретінде қабылданды.
Бұрынғы кеңестік республикаларды межелеу кезіндегі ортақ мәселе — іс жүзінде қалыптасқан шекара сызығының жекелеген учаскелерде ресми шарттарға сәйкес келмеуі болды. КСРО кезінде адамдар бір үлкен елде өмір сүргендіктен, әкімшілік құрылымдар арасында қатаң шекара болған жоқ. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, аумақтарды тепе-тең бөлу және алмасу арқылы өзара тиімді шешімдер қабылдады. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны анықтау кезінде шекараның Шу өзені бойымен өту мәселесі туындады. 1930 жылғы құжаттарға сәйкес, шекара сызығы Шу өзенінің бойымен өткен. Алайда 70 жыл ішінде өзен арнасы кей жерлерде өзгеріп кеткен. Қазақстан тарапы шекараны Шу өзенінің қазіргі арнасымен жүргізуді ұсынды және бұл ұсыныс қабылданды, өйткені 1930 жылғы өзен арнасының кейбір тұстары топырақпен көміліп, ол жерлерге Тоқмақ қаласының (қазіргі Қырғызстанның Шу облысындағы қала) ғимараттары салынған болатын.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекарасы
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша келіссөздер 1999 жылғы қарашадан басталып, 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы мемлекетаралық шартқа қол қоюмен аяқталды. Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді.
Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында шекара белгілерін орнату — шекараны демаркациялау жұмыстары 2008 жылдың күзінде басталды. 2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.
Қырғыз Республикасымен шекара Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, оның жалпы ұзындығы 1 242 шақырымдықұрайды. Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласы осы шекарадан оңтүстікке қарай небәрі 16 шақырым жерде, ал Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы қаласы солтүстікке қарай 29 шақырым жерде орналасқан. Шекара сызығы 683 шекара белгісімен белгіленген.

Қазақ-қырғыз шекарасында шектесетін облыстар
Дереккөз: U-karty.ru
Қазақстанның Қырғызстанмен шектесетін облыстары:
Қырғызстанның Қазақстанмен шектесетін аумақтары:
Дереккөздер:
Қазақстан Республикасы Президентінің сайты
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу