Басты бетке қайту

2010 жылғы Қырғызстандағы қақтығыстың картасы

2005 жылдың наурызында, парламенттік сайлаудан кейін, Қырғызстанда жаппай наразылық шаралары мен саяси төңкеріс орын алды. Бұл оқиғалар елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың биліктен кетуіне әкелді, нәтижесінде Құрманбек Бакиев билік басына келді. Бұл тарихи оқиға «Қызғалдық төңкерісі» деген атауға ие болды.

Подпись: 2005 жылғы Қырғызстандағы «Қызғалдық төңкерісінің» картасы

Источник: Lenta.ru https://lenta.ru/articles/2023/04/19/kirgizia/?utm_medium=organic&utm_source=yasmartcamera

Ал 2010 жылдың ақпан айында елде президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап еткен митингілер мен жаппай шерулер басталды. Наразылық шараларын мемлекет басшысының бұрынғы үзеңгілесі, Сыртқы істер министрі лауазымынан оппозицияға өткен Роза Отынбаева басқарды.

6 сәуірде Талас қаласында тәртіпсіздіктер басталып, оппозиция митингіден кейін облыстық әкімшілік ғимаратын басып алды.

Толқулар 7 сәуір күні ел астанасы Бішкекті шарпыды. Оппозиция өкілдері телеорталықты басып алып, тікелей эфирге шықты. Билік оппозиция жетекшілерін тұтқындап, наразыларды қуып таратуға әрекет жасады, бірақ бұл наразылықты одан сайын күшейтті. Шерушілер парламент ғимаратын және басқа де өкілетті мемлекеттік құрылымдарды басып алды. Биліктің мәлімдеуінше, топ ішінде қарулы адамдар байқалған, содан кейін үкіметтік күштер тарапынан шерушілерге қарсы оқ жаудырылды. Бұл көптеген адамның қаза табуына әкеп соқты. Оппозиция қарусыз шерушілерге оқ атылғанын мәлімдеді, бұл жағдайды одан сайын ушықтыра түсті.

7 сәуір күні кешке Үкімет ғимараты басып алынып, президент Құрманбек Бакиев Ош қаласына қашты, ал іс басындағы үкімет отставкаға кететінін жариялады. Оппозиция жаңа сайлау ұйымдастыру үшін Роза Отынбаева жетекшілік ететін уақытша «халықтық сенім үкіметін» құрды. 2010 жылдың 7 сәуірі күні кешке Роза Отынбаева Қырғызстандағы биліктің толығымен оппозицияға өткенін мәлімдеді.

8 сәуірге қараған түні астанада жаппай талау (мародерлық) толқыны жүрді.

8 сәуірде президент Құрманбек Бакиев Ресейдің «Эхо Москвы» радиостанциясының тікелей эфирінде сұхбат беріп, өзінің президенттік өкілеттігін растады, жеңілісін мойындамады және жағдайды өз бақылауына алуға ниетті екенін мәлімдеді.

11 сәуірде Уақытша үкімет биліктен тайдырылған президентті қылмыстық жауапкершілікке тартуға ниетті екенін жариялады.

15 сәуірде Құрманбек Бакиев отставкаға кету туралы өтінішке қол қойып, Қазақстанға жеткізілді.

6-8 сәуірдегі оқиғаларды зерттеу жөніндегі Тәуелсіз қоғамдық комиссияның қорытындысына сәйкес, 7-8 сәуірде Бішкектегі тәртіпсіздіктер кезінде 70-тен астам адам қаза тауып, 1000-нан астам адам жарақат алған. 2010 жылдың 15 сәуіріндегі Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қаза тапқандардың жалпы саны 84 адамды құраса, зардап шеккендер саны 1 651 адамға жеткен. Бұл оқиғалар тарихта «Халықтық революция» немесе «Екінші қызғалдық төңкерісі» деген атауға ие болды.

 


2010 жылғы сәуірде Қырғызстанда орын алған қақтығыстың картасы
Дереккөз: Коммерсантъ

2010 жылғы 11 маусымда Ош қаласында шиеленісті қақтығыстар өрті тұтанып, 2000-нан астам адам жарақат алды, одан бөлек 828 адам ауруханаға жатқызылды. Қақтығыстың туындауына қырғыздар мен өзбектер арасындағы ұлтаралық келіспеушіліктер себеп ретінде көрсетілді. Қалада коменданттық сағат енгізіліп, газ өшірілді, көшелерге баррикадалар тұрғызылып, талау (мародерлық) деректері тіркелді.

12 маусымда, қабылданған шараларға қарамастан, тәртіпсіздіктер өршіп, оңтүстіктің бірнеше басқа қалаларына, соның ішінде Жалал-Абадқа да таралды. Үкімет ішінара мобилизациялау, тәртіпсіздіктер шарпыған аудандарда тәулік бойғы коменданттық сағат енгізу және милицияға ескертусіз оқ атуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

14 маусымда Оштағы жағдай тұрақталды. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің есебі бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде Ош, Жалал-Абад және Базар-Қорған қалаларында 2843 ғимарат зақымдалған. Оқиға кезінде 400 000 босқын уақытша көрші Өзбекстан аумағын паналаған.

2010 жылғы шілдеде Қырғызстанда орын алған қақтығыстың картасы
Дереккөз: Журнал Международная жизнь 

 

2010 жылдың маусым айының соңында Қырғызстанда референдум өтіп, онда жаңа конституция қабылданды. Халықтың 90%-ы Роза Отынбаева басқарған уақытша үкіметті қолдап дауыс берді. Шілде айында ол ресми түрде ел президенті атанды, бірақ «уақытша» деген шартпен бұл лауазымды 2011 жылдың 1 желтоқсанына дейін атқарды. Оның орнына ресми сайлауда жеңіске жеткен Алмазбек Атамбаев билік басына келді.

Дереккөздери:

Международная жизнь журналы

Informburo.kz

Википедия 

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу