Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) — өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азиялық және еуразиялық мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайтуды міндет еткен, Азия құрлығындағы мемлекеттердің басын біріктіретін халықаралық форум. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды.
АӨСШК-нің бірінші саммиті 2002 жылғы 3-5 маусым аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) өтті.
Форум жұмысына АӨСШК-ге мүше 16 мемлекеттің делегациялары, халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы) өкілдері және бақылаушы елдер (Австралия, АҚШ, Индонезия, Жапония, Тайланд, Вьетнам, Украина, Корея Республикасы) қатысты. Форум төрағасының міндетін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарды. Саммит қорытындысы бойынша Алматы актісі (форум жарғысы) және АӨСШК-нің Терроризмді жою және өркениеттер диалогын дамыту туралы декларациясы қабылданды.

АӨСШК-нің бірінші саммитіне қатысқан мүше мемлекеттер (2002 жылғы 4 маусым, Алматы, Қазақстан)
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
Ұйымның Бірінші саммитіне қатысушы АӨСШК-ге мүше мемлекеттер (2002 жылғы 3-4 маусым):
Интерактивті картаны рәсімдеуге арналған мәліметтер
Қазақстан
Аумағы: 2 724 902 км²
2002 жылғы халық саны: 14 851 100

Ауғанстан
Аумағы: 652 864 км²
2002 жылғы халық саны: 21 378 117

Әзербайжан
Аумағы: около 86 600 км².
2002 жылғы халық саны: 8 191 400

Мысыр
Аумағы: 1 001 450 км²
2002 жылғы халық саны: 73 603 000

Үндістан
Аумағы: 3 287 263 км²
2002 жылғы халық саны: 1 098 313 000

Иран
Аумағы: 1 648 195 км²
2002 жылғы халық саны: 65 540 000

Израиль
Аумағы: 20 770 км²
2002 жылғы халық саны: 6 630 000

Қытай
Аумағы: 9 598 962 км²
2002 жылғы халық саны: 1 280 400 000

Қырғызстан
Аумағы: 199 951 км²
2002 жылғы халық саны: 4 946 500

Моңғолия
Аумағы: 1 564 116 км²
2002 жылғы халық саны: 2 465 657

Палестина
Аумағы: 6 020 км²
2002 жылғы халық саны: 3 225 000

Пакистан
Аумағы: 881 913 км²
2002 жылғы халық саны: 163 262 807

Ресей
Аумағы: 17 234 031 км²
2002 жылғы халық саны: 145 166 731

Тәжікстан
Аумағы: 143 100 км²
2002 жылғы халық саны: 6 375 500

Түркия
Аумағы: 783 562 км²
2002 жылғы халық саны: 67 048 795

Өзбекстан
Аумағы: 448 978 км²
2002 жылғы халық саны: 24 115 800

Дереккөздер:
Қазақстан Республикасы СІМ сайты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу