Басты бетке қайту

Гарет Эванс (1944 жылы туған)


Гарет Эванс
Дереккөз: The Simons Foundation Canada

Гарет Эванс 1944 жылы Австралияның Мельбурн қаласында (Виктория) дүниеге келген. Мельбурн университетін үздік бітіріп, заң бакалавры атанып, кейін Оксфордта (Ұлыбритания) білімін жалғастырып, философия, саясат және экономика магистрі дәрежесін алды.

Мельбурн университетінде оқып жүргенде Австралияның Еңбек партиясына қосылды және 1975 жылы Оксфордтан оралғаннан кейін оның қызметіне белсенді қатысты. Оның саяси мансабы 1978 жылы Австралия Сенатына (Парламенттің жоғарғы палатасы) сайланған кезде басталды.

Үкіметте ол Бас прокурор (1983-1984), ресурстар және энергетика министрі (1984-1987), көлік және коммуникация министрі (1987-1988) сияқты бірқатар негізгі қызметтерді атқарды. 1988 жылдан 1996 жылға дейін - сыртқы істер министрі.

Гарет Эванс Сыртқы істер министрі болған негізгі бастамаларға Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Камбоджаға арналған бейбіт жоспарын бастау, химиялық қару туралы халықаралық конвенцияны іске асыру, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы форумын (АТЭС) және оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумын құру кіреді (АРФ). Сонымен қатар, ол Канберра ядролық қаруды жою комиссиясын құрудың бастамашыларының қатарына қосылды.

Парламенттік қызметі кезінде (21 жыл парламент мүшесі болған) Гарет Эванс Сенаттағы Үкімет жетекшісі (1993-1996) және өкілдер палатасындағы оппозиция жетекшісінің орынбасары (1996-1998) болды.

1999 жылы парламенттік мансабын аяқтағаннан кейін ол халықаралық саяси және сараптамалық бастамаларға қатысты. 2000 жылдан 2009 жылға дейін  - Брюссельдегі жаһандық қақтығыстардың алдын алу және шешу жөніндегі тәуелсіз ұйымының халықаралық дағдарыс тобының президенті және атқарушы директоры. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік саласындағы бірқатар комиссиялардың тең төрағасы және мүшесі болып тағайындалды.

Өзінің  мансаптық өсу жолында -  әлемнің көптеген университеттерінде дәріс оқыды, бірнеше университеттердің құрметті докторы дәрежесіне ие болды. 14 кітаптың, сондай-ақ халықаралық қатынастар, саясат, Адам құқықтары және құқықтық реформа туралы көптеген мақалалардың авторы немесе редакторы.

 

Дереккөздер:

Википедия

Global Leadership Foundation

Гарет Эванс сайты

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу