Басты бетке қайту

Петр Шелест (1908-1996)


Петр Шелест
Дереккөз: Аргументы и Факты

Петр Ефимович Шелест 1908 жылы 14 (1) ақпанда Ресей империясының Харьков губерниясының Андреевка ауылында (қазіргі  - Украина) шаруа отбасында дүниеге келген.

1923 жылы Коммунистік Жастар одағына (комсомол) кіріп, кейін комсомолда жұмыс істеді. Комсомол отрядтарының құрамында ұжымдастыруға қатысты (жеке шаруа қожалықтарын ұжымдық шаруашылықтарға біріктірудің мемлекеттік саясаты).

1928 жылы Бүкілодақтық Коммунистік партияға (большевиктер) (БКП(б) қосылды, кейін КОКП – Кеңес Одағының Коммунистік партиясы болып өзгертілді).

1930 жылдары ол алдымен Харьков халық шаруашылығы институтының металлургия факультетінде оқыды (Қазіргі - Семен Кузнец атындағы Харьков Ұлттық Экономикалық Университеті), бірақ оны бітірген жоқ. Содан кейін ол Ильич атындағы Мариуполь металлургия зауытында жұмыс істеді, сонымен бірге Мариуполь металлургия институтының (қазіргі - Приазовск мемлекеттік техникалық университеті) металдарды ыстық өңдеу факультетінің кешкі бөлімінде инженер-механик мамандығы бойынша оқыды.

1940 жылы – оқуды бітіргеннен соң, Қызыл Армияда бірнеше жыл қызмет еткеннен және өндірісте жұмыс істегеннен кейін - партиялық мансабын Харьков қалалық партияның қорғаныс өнеркәсібі комитетінің хатшысы қызметінен бастады.

Жиырма жылдық табысты партиялық мансабының нәтижесінде 1963 жылы Украина Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің (КПУ ОК) бірінші хатшысы болып сайланды. Яғни, ол іс жүзінде Украин Кеңестік Социалистік Республикасының (КСРО) басында болды.

1958 жылдан 1974 жылға дейін - КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (КСРО Жоғарғы заң шығарушы және өкілді органы).

1966 жылы КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрамына кірді. Сонымен бірге ҚПУ ОК Саяси Бюросының және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болып тағайындалды.

1972 жылы ҚПУ ОК бірінші хатшысының міндеттерінен босатылып, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (яғни КСРО үкіметі басшысының орынбасары) қызметіне ауысты. Ол бұл қызметті 1973 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды.

1974 жылдан 1985 жылға дейін Долгопрудныйдағы (Мәскеу облысы) авиациялық зауытта тәжірибелік-өндірістік конструкторлық бюроның бастығы болып жұмыс істеді.

Коммунистік партия мен кеңес мемлекетіне сіңірген еңбегі үшін Петр Шелестке Социалистік Еңбек Геро атағы берілді, ол үш Ленин орденімен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Зейнеткерлікке шыққанда «Да не судимы будете. Дневники и воспоминания члена политбюро ЦК КПСС» атты кітап жазды.

1996 жылы 22 қаңтарда қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Википедия

Герои страны

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу