Басты бетке қайту

Нұрлан Ноғаев (1967 жылы туған)


Нұрлан Ноғаев
Дереккөз: Википедия

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ақтөбе облысы Октябрьск қаласында (Қазіргі - Қазақстан Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы) дүниеге келген. 1993 жылы Иван Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық қатынастар университеті»  Мәскеу мемлекеттік институтын бітіріп, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын Нұрлан Ноғаев 1984 жылы Қандыағаш станциясында электромонтер болып бастаған. 1993-1995 жылдары Мәскеудегі «Гили – Паскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) аға сарапшысы, кейін бөлім бастығы және бас директоры болып еңбек етті.

1995-1996 жылдары Алматыдағы «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары болды. 1996-2006 жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де жұмыс істеді, онда маркетинг жөніндегі инженер, маркетинг, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы және бас директор лауазымдарын атқарды.

2006 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (АҚ) атқарушы директоры болып бекітілді. 2006 жылдың тамызынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылғы 20 қаңтардан 2016 жылғы 26 наурызға дейін - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылғы 26 наурыздан 2019 жылғы 18 желтоқсанға дейін - Атырау облысының әкімі.

2019 жылғы 18 желтоқсаннан 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2021 жылғы 7 қыркүйектен 2024 жылғы 16 мамырға дейін  - Маңғыстау облысының әкімі.

2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

«Құрмет» орденімен (2010), «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісімен («Үздік әлеуметтік серіктес») (2019) марапатталған. 2017 жылы «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дереккөздер:  

Gov Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

 

Zakon.kz

Nur.kz

«Параграф» АЖ

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу