
Федор Нефедов
Дереккөз: vslantsah.ru
Нефедов Петр Петрович 1941 жылы 29 қазанда РСФСР (Қазіргі - Ресей Федерациясы) Белгород облысының Красногвардейский ауданының Сорокино ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Нефедовтың отбасы Қазақ КСР-не, Қарағанды облысына, Бұрма ауылына көшті.
1963 жылы Петр Нефедов еңбек жолын шахтаның жол үңгушісі болып бастады, 1968 жылы Қарағанды политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірді.
1968 жылдан бастап «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің Костенко атындағы шахтасында жұмыс істеді, дәйекті түрде учаске бастығының көмекшісі, учаске бастығының орынбасары, дайындық жұмыстары учаскесінің бастығы, өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары және шахтаның бас инженері лауазымдарын атқарды. 1983-1992 жылдары Қарағанды көмір бассейнінің негізгі кәсіпорындарының бірі «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтасының директоры болып тағайындалды.
1993 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты.
1992 жылғы ақпаннан бастап Қарағанды облысын облыстық әкімшіліктің басшысы, ал 1995 жылғы қазаннан 1997 жылғы шілдеге дейін — Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының әкімі мәртебесінде басқарды.
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің кеңесшісі, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице‑министрі, 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Техника ғылымдарының кандидаты (1982) және техника ғылымдарының докторы (1997) дәрежесін қорғады, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент‑мүшесі (1993) болған.
Еңбек сіңірген еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен, II және III дәрежелі «Шахтер даңқы» айырым белгілерімен, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен — «Құрмет» орденімен марапатталған.
2021 жылдың 15 ақпанында Қарағандыда қайтыс болды.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу