Басты бетке қайту

Орал Мұхамеджанов (1948–2013)


Орал Мұхамеджанов
Дереккөз: Википедия

Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы 1948 жылы 11 қарашада Қазақ КСР-нің Қостанай қаласында (Қазіргі  - Қостанай қаласы, Қазақстан Республикасының Қостанай облысы) дүниеге келген. 1971 жылы Новосібір кеңестік кооперативтік сауда институтын «бухгалтер‑экономист» мамандығы бойынша, ал 1980 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген.

1971-1975 жылдары еңбек жолын Қостанай облыстық тұтынушылар одағында бастаған.  

1975-1992 жылдары Қостанай және Торғай облыстарында комсомол, партия органдарында қызмет атқарды. 1991 – 1994 жылдары халық депутаттары Торғай облыстық кеңесі аппаратының басшысы, Торғай облысының Амангелді аудандық әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

1994 жылы ХІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Жоғарғы Кеңестің Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары болды. 1995 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспек­торы, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2004 жылғы қыркүйекте III сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, ал 2004 жылғы қарашадан 2007 жылғы қыркүйекке дейін Мәжіліс төрағасы қызметін атқарды.

2007 жылдың қыркүйегінде IV шақырылым Мәжілісінің депутаты болып қайта сайланды, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің құрамына кірді. 2008 жылғы ақпанда Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының (қазіргі AMANAT) басшысы болып сайланды, ал 2008 жылғы қазанда қайтадан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды, палатаны 2012 жылғы қаңтарға дейін басқарды және бір мезгілде «Нұр Отан» парламенттік фракциясын басқарды.

2012 жылғы қаңтарда V шақырылымның депутаты ретінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жұмысқа ауысты.

Мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталған. «Құрмет» (2003), «Парасат» (2008) ордендерімен, Ресей Достық орденімен (2010), ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы.

2013 жылдың 15 қазанында қайтыс болды.

 

Дереккөздер:  

«Параграф» АЖ 

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі  

Казахстанская правда 

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу