Басты бетке қайту

Куликов Вячеслав (1915-2005)


Куликов Вячеслав
Дереккөз: Герои страны 

Вячеслав Онуфриевич Куликов 1915 жылы Украина КСР Винница облысының Нестеровка ауылында дүниеге келген (қазіргі - Украинаның Винница облысының аумағы). Макеев металлургия зауытының Фабрика-зауыт училищесін (ФЗУ), содан кейін - Донецк индустриалды институтын (кейіннен — Донецк политехникалық институты) болат балқытушы инженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1930 жылдары Донбасстың металлургиялық кәсіпорындарында жұмысшыдан инженер мен өндіріс басшысына дейінгі жолдан бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі кезеңде Орал Металлургия зауыттарының бірінде шебер, бастықтың орынбасары және Мартен цехының бастығы болып жұмыс істеді. Қорғаныс қажеттіліктері үшін өнім шығаруға және соғыстан кейін өндірісті қалпына келтіруге қатысты. 1946 жылы Украинадағы Запорожьедегі «Запорожсталь»  зауытын қалпына келтіруге жіберілді.

1947 жылдан бастап Макеев металлургия зауытында еңбек етті: мартен цехы бастығының орынбасары және бастығы, содан кейін сегіз жыл бойы металлургия зауытының бас инженері болды. Осы кезеңде өндірісті жаңғыртумен, жаңа болат балқыту технологияларын енгізумен және домна және мартен пештерінің тиімділігін арттырумен айналысты.

1959-1963 жылдары Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатының бас инженері және директоры болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен Қазақстандағы алғашқы домна пешін қоса алғанда, негізгі өндірістік қуаттар іске қосылды (1960 жылы іске қосылды).

1963 жылы Украинадағы Мариупольдегі басшылық жұмысына ауыстырылды, осы еңбек орнында - 1963 жылдан 1969 жылға дейін Оңтүстік өнеркәсіптік аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Ильич атындағы металлургия зауытының директоры болып тағайындалыды. Кейіннен Куликов В. саланы басқарудың одақтас органдарына жұмысқа ауысып, Украина КСР қара металлургия Министрінің бірінші орынбасары, содан кейін одақ деңгейіндегі ықпалды шаруашылық жетекшісі болып қала отырып, КСРО материалдық‑техникалық жабдықтау жөніндегі мемлекеттік комитеті (КСРО Мемжабдық) төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Металлургия өнеркәсібін дамытудағы еңбегі үшін 1966 жылы Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен Социалистік Еңбек Ері  атағы берілді. Сондай-ақ Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен және КСРО медальдарымен марапатталған.

2005 жылы 6 қаңтарда қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Academic.ru  сайты 

Википедия

Герои страны сайты

Peoples.ru сайты

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу