Басты бетке қайту

Асанәлі Әшімов


Асанәлі Әшімов
Дереккөз: Қызылорда жаңалықтары 


Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Қазақ КСР-і, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында (қазіргі — Қазақстанның Жамбыл облысы) дүниеге келген. 1961 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген.

1961-1963 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеп, оның кинодағы белсенді қызметі басталды.

1963 жылдан бастап Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері, режиссері болды. 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 

Кинода көптеген рөлдерді сомдады. Кинодағы дебюті Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» (1958) повесі бойынша түсірілген фильмдегі Кеңжетай рөлінен басталды. Оның ең танымал рөлдерінің арасында «Атаманның ақыры»(1970) және «Транссібір экспресі» (1977) фильмдеріндегі чекист Шадияров, сондай-ақ «Нан дәмі» (1979) драмасындағы Камал Айкенов рөлдері бар.

Кинорежиссер ретінде Зия Самадидің «Мәйімхан» тарихи романының желісімен «Айдаһар жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (1983–1984), Дулат Исабековтың повесі бойынша «Жусан» (1986), «Тұзды көл жағасындағы үй» (2004) фильмдерін түсірді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, актерлік шеберхананың жетекшісі.

«Ізгі ниетпен – сіздің Әшімов» атты естелік кітабының авторы (2009).

2016 жылы Қазақстан театрлар қауымдастығын басқарды. 2019 жылдан бастап Республика сарайы жанындағы «Жаңа ғасыр» жастар театрының көркемдік жетекшісі.

2017 жылы театр сахнасынан кету туралы шешім қабылдады.

2017 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.

1980 жылы КСРО Халық әртісі құрметті атағы берілді.

Қазақстанның «Отан» (2001), «Құрмет» (2007), «Парасат» (2007), «Достық» І дәрежелі (2014) ордендерімен марапатталған.
Қазақ КСР-інің Қ.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1973), КСРО-ның әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Мемлекеттік сыйлығының (1974) лауреаты атанған.

2015 жылы Алматы қаласының Құрметті азаматы атағын алды.

Дереккөздер: 

ТАСС 

Кино-театр.ру

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу