
Қайрат Келімбетов
Дереккөз: Tengrinews.kz
Қайрат Нематұлы Келімбетов 1969 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР (Қазіргі - Қазақстан Республикасы) Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «математик» мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына қарасты Нарық институтында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару Жоғары мектебінде экономикалық білім алды. Джорджтаун университетінде (АҚШ) оқыды. Еңбек жолын 1993 жылы Сергей Миронович Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі - Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аспиранты болып бастады.
1990 жылдардың ортасынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық блогында жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің аға сарапшысы, 1997-1998 жылдары — стратегиялық жоспарлау агенттігі директорының орынбасары және Департаментінің директоры, 1999-2001 жылдары осы агенттікті басқарды
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице‑министрі, 2002-2006 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметін атқарды.
2006 жылы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары (қазіргі AMANAT) және 2008 жылға дейін басқарған «Қазына» «Тұрақты Даму Қоры» мемлекеттік холдингінің Басқарма төрағасы болып сайланды.
2008 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2008 жылдың қазан айында «Самұрық» және «Қазына» холдингтерінің бірлестігі құрған «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарды.
2011-2012 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің орынбасары болды.
2013 жылғы 1 қазаннан 2015 жылғы 2 қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
2015 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығын өңірлік қаржы хабы ретінде қалыптасу кезеңінде, ал 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігін бір мезгілде басқарды.
2024 жылғы маусымнан бастап Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«Құрмет» (2005) және «Парасат» (2010) ордендерімен, I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» медалімен (2015), сондай‑ ақ Тәуелсіздіктің 10 және 20 жылдығына, Конституцияның, Парламенттің және Астананың 10 жылдығына арналған медальдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер:
«Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу