Басты бетке қайту

Қасымов Ғани (1950 жылы туған)


Ғани Қасымов
Дереккөз: Википедия

Ғани Есенгелдіұлы Қасымов 1950 жылы 3 мамырда Қазақ КСР  Гурьев қаласында (қазіргі – Атырау қаласы, Қазақстан Республикасы) дүниеге келген. 1967 жылы Сергей Миронович Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі  - Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқуға түсті, ал - 1969 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтына (МГИМО) ауысып, 1974 жылы «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

1974-1990 жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде еңбек етті: хаттама бөлімінің бірінші хатшысы, Баспасөз және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, хаттама бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақ КСР СІМ Бас хатшысы қызметін атқарды. 1990-1992 жылдары Қазақ КСР Президентінің кеңесшісі, кейін Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Министрлер Кабинетінің Халықаралық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1994-1996 жылдары Қазақстанның Франциядағы және бірқатар Еуропа елдеріндегі сауда‑экономикалық өкілі ретінде еңбектенді.

1996-1999 жылдары Ғани Қасымов кеден қызметінің генерал‑майоры атағын алып, Қазақстан Республикасының Кеден комитетін басқарды.

1999 жылғы сайлауда Қазақстан Президенті лауазымына ұсынылды, 4,6% нәтижесімен үшінші орынды иеленді.

1999 жылғы желтоқсаннан 2004 жылғы қарашаға дейін екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2000-2015 жылдары Қазақстан Патриоттар партиясының көшбасшысы.

2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мүшесі болып тағайындалды және 2013 жылғы тамызға дейін сыртқы саясат, Интеграция және Ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде қызмет етті.

2011 жылы ҚР Президенттігіне кандидат болып қайта ұсынылып, 1,94% дауыс жинап, екінші орын алды.

Сенаторлық өкілеттігі аяқталғаннан кейін Ғани Қасымов Парламент Сенатында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының атынан өкілдік етті және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесті басқарды.

Бірқатар мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталған: 2‑ші дәрежелі «Достық» орденімен (2005) және 1‑ші дәрежелі (2011), 2‑ші дәрежелі «Барыс» орденімен (2005), ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Достастық» орденімен (2010), Назир Тюрякулов атындағы медальмен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болды.

 

Дереккөздер:

Forbes.kz 

Kapital.kz 

Википедия

«Параграф» АЖ сайты 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу