Басты бетке қайту

Иса Мәсіх (шамамен б.з.д. 6-4 жж. – шамамен б.з. 30-33 жж.)


Синайдағы Әулие Екатерина монастырынан табылған «Христос Пантократор» (Құдіретті Иса) иконасы VI ғасырдың ортасына жатады және энкаустика (балауыз кескіндемесі) техникасымен орындалған. Бұл икона — Иса Мәсіхтің бізге жеткен ең көне иконаларының бірі
Дереккөз: Википедия

Иса Мәсіхтің туған және қайтыс болған жылдары ғылыми және конфессиялық дәстүрлерде әртүрлі; зерттеушілердің көпшілігі оның тууын шамамен біздің заманымызға дейінгі 6–4 жылдар, ал қайтыс болуын біздің заманымыздың 30–33 жылдары деп көрсетеді. Інжілдегі әңгімелер мен тарихи қайта жаңғыртуларға сәйкес, Иса (Иешуа) Галилеядағы Назарет қаласының тумалары (қазіргі Палестина/Израиль аумағы) Мария мен Жүсіптің отбасында, иудейлердің Вифлеем қаласында дүниеге келген делінеді. Христиан сенімі бойынша, ол Қасиетті Рухтан біткен деп есептеледі. Иса Мәсіхтің балалық шағы, аңыз бойынша, Ирод патшаның қуғындауынан уақытша Мысырға қашуымен және кейіннен Назаретке қайта оралып, онда ағаш ұсталығымен айналысуымен байланыстырылады.

Балалық шағынан қоғамдық қызметінің басталуына дейінгі кезең туралы мәліметтер өте аз. Інжілдерде он екі жасар Исаның Иерусалим ғибадатханасында ұстаздармен сөйлескен сәті ғана айтылады. Отыз жасқа қараған шағында Иса Иордан өзенінде Шоқындырушы Иоаннан шоқыну рәсімін өтеді, содан кейін Жаңа Өсиет мәтіндеріне сәйкес, шөл далада қырық күн бойы ораза ұстап, нәпсі азғыруына қарсы тұрады. Христиан дәстүрі бойынша дәл осыдан кейін оның қоғамдық қызметі басталады. Галилея мен Яһудияда «Құдай Патшалығы» туралы уағыздау, он екі елшіні (апостолды) таңдау, сондай-ақ ауруларды емдеу, жындарды қуу және өлілерді тірілту секілді кереметтер жасайды.

Иса ілімінің мазмұны Інжіл мәтіндерінен белгілі болғандай адамның жасаған күнәсына өкінуге, құдайға сенуге, құдайды және жақыныңды сүюге, мейірімділік пен кешірімділікке, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесінің өзгеруіне шақырды. Оның уағыздарының негізгі элементтері Таудағы уағыз бен адамгершілік және діни шындықтарды бейнелі түрде ашып көрсеткен аңыз-әңгімелер (притчалар) түрінде болды.

Христиан дәстүріне сәйкес, Иса Иерусалимде құдайға тіл тигізді және бүлік шығарды деген айыппен тұтқындалып, сотқа тартылды және Рим прокураторы Понти Пилаттың үкімімен ағаш айқышқа шегелену жазасына кесіледі. Жаза Иерусалим қаласынан тыс жерде орындалды. Айқышқа шегеленгеннен кейін үшінші күні Иса қайта тіріліп, өз шәкірттеріне көрінеді, ал қырқыншы күні көкке көтеріледі. Христиан ілімі бойынша, ол тірілер мен өлілерге үкім жүргізу және Құдай Патшалығын орнату үшін жерге екінші рет қайта оралады.

Иса Мәсіхтің ілімі дүниежүзілік тарихқа, мәдениет пен философияға түбегейлі әсер етті. Оның негізінде пайда болған христиандық көптеген бағыттарға бөлінді, олардың ең ірілері — православие, католицизм және протестантизм. Бүкіл әлем бойынша миллиардтаған сенім иелері Иса Мәсіхті Құтқарушы және Құдай-адам ретінде қастерлейді.

 

Дереккөздер:

Библия. Киелі кітап. Көне және Жаңа Өсиеттің Қасиетті Жазу кітаптары: Синодтық аудармадағы қосымшаларымен. — М. 2019. — 1324 б.

Британ энциклопедиясы

Ресейлік үлкен энциклопедия

«Академик» интернет-сервисі

Сандерс Э. П. Иса және иудаизм / Ағылш. ауд. — М. 2012. — 480 б.

Иса. Барлық әлемдік зерттеулер / Дж. Чарлзворт, П. Покорны, Б. Ри ред. басқ. — М.: Эксмо, 2021. — 704 б. 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу