Басты бетке қайту

Геннадий Зенченко (1937-2016)


Геннадий Зенченко
Дереккөз: Википедия

Геннадий Иванович Зенченко 1937 жылы 4 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының «Приишимский» совхозында ауыл шаруашылығы өндірісінің басшысы, ата –бабадан келе жатқан астық өсіруші әулеттің Иван Зенченконың отбасында дүниеге келген.

1962 жылдан бастап «Ленинский» совхозында электрослесарь, кейін мұнай базасының меңгерушісі болып еңбек етті. 1965 жылдан бастап механик, содан кейін машина‑трактор шеберханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1968 жылдан - «Ленинский» совхозының бас инженер-механигі, «Қазсельхозтехника» кеңестік аудандық бірлестігінің басқарушысы.

1973 жылы Кеңес аудандық еңбек депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланды.

1976 жылы «Новоникольский» совхозының директоры болып тағайындалды, 1990 жылдары совхоз ЖШС, содан кейін «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігі ретінде қайта құрылды, онда ол бас директор лауазымын атқарды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін сүт саласын алғашқылардың бірі болып қалпына келтіре бастады. Оның басшылығымен серіктестік Новоникольское ауылы үшін дамыған әлеуметтік инфрақұрылымы бар, мал шаруашылығы мен сүт өңдеуге маманданған Қазақстанның ең табысты агроөнеркәсіп кәсіпорындарының біріне айналды.

Қазақстанның Еңбек Ері, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының ордендерімен және «Отан» орденімен, «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылдың 18 желтоқсанында қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Forbes.kz сайты

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі

sm.kz сайты

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу