Константин Трофимович Зайцев 1906 жылы 5 наурызда Днепропетровск облысында дүниеге келген.
1927 жылы химия-электротехника кәсіптік мектебін бітіріп, металлургия зауытында жұмысшы болып жұмыс істей бастады.
1932 жылы Днепропетровск металлургия институтының «инженер-металлург, доменші» мамандығы бойынша дипломын алды.
1932 жылдан бастап Донбасс металлургия зауыттарында инженерлік-техникалық лауазымдарда еңбек етті.
1941 жылы соғыс басталғанда Оралға эвакуацияланды, сол кезде Константин Трофимович домна цехының ауысым бастығы, жобалау бөлімінің конструкторы, домна цехы бастығының көмекшісі қызметтерін атқарды.
1957 жылдан бастап Қарағанды металлургия зауытының домна цехының бастығы болып тағайындалды. Комбинаттың бірінші домна пешін үрлеу бойынша жұмыстарды басқарды-1960 жылғы 3 шілдеде №1 домна пеші алғашқы Қазақстандық шойынды берді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу