Басты бетке қайту

ExxonMobil


ExxonMobil компаниясының логотипі
Дереккөз: ExxonMobil компаниясының сайты

ExxonMobil — штаб-пәтері АҚШ-тың Техас штатында орналасқан, әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі.

ExxonMobil компаниясы 1999 жылы Exxon және Mobil компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылды. Екі компанияның да тарихы 1870 жылы Джон Рокфеллер негізін қалаған америкалық Standard Oil мұнай монополиясынан бастау алады. Бұл монополия АҚШ Конгресінің талабы бойынша 1911 жылы жеті дербес фирмаға бөлінген болатын.

Қазіргі уақытта ExxonMobil әлемдегі ең ірі үш мұнай-газ компаниясының бірі болып саналады. Оның қызметі мұнай-газ бизнесінің барлық кезеңдерін, атап айтқанда барлау мен өндіруден бастап, өңдеу, тасымалдау, химиялық өндіріс және отын мен басқа да өнімдерді сатуға дейінгі бүкіл тізбекті қамтиды. ExxonMobil-дің жанармай құю станциялары әлемнің көптеген елдерінде Exxon, Esso және Mobil брендтерімен жұмыс істейді. Компания әлемдегі ең ірі танкерлер флотының біріне иелік етеді, сондай-ақ мұнай мен табиғи газ, көмір, ядролық отын, химия өнеркәсібі және минералды кендерді өндіру салаларына инвестиция салады.


Mobil және Exxon жанармай құю станцияларының брендтері
Дереккөз: Exxon брендінің сайты

1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен америкалық Chevron компаниясы мұнай мен ілеспе өнімдерді барлау, өндіру және өткізумен айналысатын «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының негізін қалады. Бастапқыда жобаға Chevron мен қазақстандық мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы қатысты, алайда 1996–1997 жылдары «Теңізшевройл» консорциумының құрамына ExxonMobil (25%) және LukArco (5%) кірді. «Теңізшевройл» Теңіз және Королев кен орындарында өндіру лицензиясына ие.

Бұдан бөлек, ExxonMobil құрамына Қашаған кен орны кіретін Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісімде (СКӨБК) 16,81% үлес және Каспий құбыр желісі консорциумында (КҚК) 7,5% үлесі бар.

2025 жылдың соңында Қазақстанның ең ірі мұнай кен орны саналатын Қашағанның игерілмеген бөлігін игеру бойынша ExxonMobil компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ExxonMobil басшыларымен бірнеше рет кездесіп, Қазақстан мен компания арасындағы экономикалық серіктестіктің маңыздылығын атап өткен болатын.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев ExxonMobil компаниясының бас директоры Даррен Вудспен кездесуде, 2018 жыл
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

 

Дереккөздер:

ExxonMobil компаниясының ресми сайты

Britannica

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ресми сайты 

Forbes Kazakhstan

Tengrinews.kz

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу