Басты бетке қайту

«Harrison and Sons» («Харрисон және ұлдары»)

Harrison and Sons («Харрисон және ұлдары») — почта маркалары мен банкноттарды басып шығару ісіне маманданған әлемдегі ең ірі гравюралық компаниялар мен баспаханалардың бірі.

1750 жылы Лондонда баспагер Томас Харрисон негізін қалаған бұл кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысты. 1765 жылдан 1910 жылға дейін компания The London Gazette үкіметтік газетін, ал 1853 жылдан 1905 жылға дейін — Burke's Peerage генеалогиялық басылымдарын басып шығарды.


The London Gazette, выпуск 1796 года
Источник: Сайт аукционной компании Spink

1866 жылы Harrison and Sons компаниясы Монтсерраттың елтаңбалық (гербтік) маркаларын басып шығару арқылы марка ісімен айналыса бастады. 1881 жылы компания Ұлыбританияның Корольдік почтасымен өзінің алғашқы келісімшартын жасасты. 1930-жылдардан 1990-жылдарға дейін Harrison and Sons британдық маркалардың басым бөлігін өндіріп келді.


Почтовая марка, посвященная Девятой международной конференции спасательных лодок в Эдинбурге. Выпущена в Великобритании 31 мая 1963 года
Источник: Сайт Science Museum Group

XX ғасырда Harrison and Sons әлемнің түрлі елдері, соның ішінде Австралия, Иран, Өзбекстан және Қазақстан үшін банкноттар басып шығара бастады.

КСРО ыдырағаннан кейін, ұлттық валютаны енгізуге дайындық аясында Қазақстан Республикасы банкноттарды басып шығару үшін Harrison and Sons компаниясына жүгінді. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге – 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Осы тапсырысты жоғары деңгейде орындағаны үшін Harrison and Sons компаниясы Ұлыбритания королевасының арнайы марапаты – Алтын белгіге ие болды. Қазақстанның ұлттық валютасы 1995 жылдың мамыр айына дейін шетелде басылып келді. 1995 жылғы 18 мамырда жеке Банкнот фабрикасы ашылғаннан кейін теңгенің барлық номиналдары Қазақстанда шығарыла бастады. 1993 жылғы үлгідегі банкноттар 2012 жылы айналымнан шығарылды.


Образец банкноты номиналом 100 тенге 1993 года
Источник: Сайт Национального Банка Республики Казахстан

Harrison and Sons әлемнің 100-ден астам мемлекетіне қызмет көрсетіп, олар үшін маркалар мен банкноттардан бастап, төлқұжаттар мен сыйлық сертификаттарына дейін басып шығарған.

Харрисон әулетінің компаниямен байланысы 1979 жылы, Harrison and Sons-ты британдық Lonrho компаниясы сатып алған кезде үзілді. 1997 жылы Harrison and Sons тағы бір британдық алпауыт — De La Rue компаниясына сатылып, өз қызметін тоқтатты.

 

Дереккөздер:

The National Archives

Википедия

Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты

Forbes Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты

Британ мұражайының сайты

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу