Басты бетке қайту

Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ)


Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ — ФСБ) эмблемасы
Дереккөз: Википедия

Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) — Ресей Федерациясының мемлекеттік қауіпсіздігіне, терроризммен күреске, контрбарлау қызметіне, мемлекеттік шекараны қорғауға және Ресейдің ақпараттық қауіпсіздігіне жауапты федералдық атқарушы органы.

Ресей ФҚҚ-сы ұқсас функцияларды жүзеге асырған кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, соның ішінде МҚК-ның (КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) мұрагері болып табылады. 1991–1993 жылдары МҚК-ның мұрагері ретінде бірнеше федералдық агенттіктер бірін-бірі алмастырды, соңында 1993 жылғы желтоқсанда Федералдық контрбарлау қызметі құрылды. 1995 жылы Ресей Президенті Борис Ельцин заңға қол қойып, соған сәйкес Федералдық контрбарлау қызметі Федералдық қауіпсіздік қызметі болып өзгертілді.

ФҚҚ қызметінің негізгі бағыттары:

  • контрбарлау қызметі;
  • терроризммен күрес;
  • қылмыстың аса қауіпті түрлерімен күрес;
  • барлау қызметі;
  • шекара қызметі;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • экономикалық қауіпсіздікті жүзеге асыру;
  • сыбайлас жемқорлықпен күрес.

ФҚҚ (ФСБ) — қызметіне тікелей Ресей Президенті басшылық ететін мемлекеттік орган. Ал Ресей Үкіметі бұл қызметтің басқа мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеуін реттейді, сондай-ақ ФҚҚ-ның шетелдегі өкілдерін ақшамен, қажетті жабдықтармен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету тәртібін бекітеді.

ФҚҚ-ны Директор басқарады. Оны Ресей Президентінің өзі қызметке тағайындайды немесе орнынан алады.

ФҚҚ басқа мемлекеттердің ұқсас арнайы қызметтерімен, соның ішінде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (ҰҚК) ынтымақтастық орнатқан, онымен бірлесе отырып қылмыстық әрекеттердің жолын кесу бойынша операцияларды жүзеге асырады.

 

Дереккөздер:

Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметінің ресми сайты

Ресейлік үлкен энциклопедия

Britannica энциклопедиясы

Википедия

Nur.kz

РИА Новости

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу