
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының нышаны
Дереккөз: Википедия
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) — экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырған ҚР мемлекеттік органы.
2001 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі құрылды, оған экономикалық және қаржылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу міндеттері жүктелді.
2003 жылы ол Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта құрылды. 2005 жылы Президент Жарлығымен Агенттік тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынысты және есепті мемлекеттік органға айналды.
2005 жылғы Жарлықта Агенттіктің негізгі міндеттері айқындалды:
2014 жылы Қаржы полициясы таратылып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. Сонымен қатар, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылық мәселелері Қаржы министрлігіне берілді. Президент Назарбаев атап өткендей, мұндай тәсіл халықаралық тәжірибеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде құруға мүмкіндік береді.
Дереккөздер:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 1557 Жарлығы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу